Петропавлдың Жұмысшы кентінде алтыншы қараша күні құқық бұзушылықпен басталған оқиға реанимациямен аяқталды. Шеге суырғышпен екі үйдің терезесін сындырған ер адам кейін интоксикация белгілерімен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Сот материалдарына сүйенсек, түн ортасына қарай ер адам Панфилов көшесіндегі үйлердің бірінің терезесін қасақана шағып кеткен. Араға он минут салып, ол көрші үйдің екі әйнегін сындырған.
Оқиға орнына келген учаскелік инспектор 35 жастағы, тұрғылықты жері жоқ ер адамды тапты. Бұзақының қолында жаңа сызаттар мен жарақаттар болған, өзі аяғында әрең тұрға
Полицейлер алдымен оны дәрігергедің қарауына апарған. Кейін ер адамды уақытша қамау мекемесіне жеткізеді. Онда оның мінез-құлқы өзгеріп, дезориентация, агрессия және галлюцинация белгілері байқалғандықтан, қайтадан дәрігердің көмегіне жүгінуге тура келген. Ол бұзақыны стационарлық емге жіберуді ұсыныпты. Бұл уақытта әкімшілік іс те қаралды. Материалдарды тексерген сот жетінші қарашада шешім шығарды.
«Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 22 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды», — делінген қаулыда.
8–12 қараша аралығында оған бірнеше рет жедел жәрдем шақырылған. Бірақ, жағдайы нашарлаған. 12 қараша күні ер адам терапиялық бөлімге жатқызылып, кейін ауыр халде реанимацияға ауыстырылды. Дәрігерлер зиянды заттар, соның ішінде алкогольдің әсерінен бауырдың улануы деген диагноз қойылды.
Полиция департаменті қызметкерлердің әрекеті заң аясында болғанын атап өтті.
«Ұстау, жеткізу және арнайы қабылдағыштағы барлық сәттер бейнетіркеуіштер мен бақылау камераларына жазылды. Бұл полиция жұмысының ашықтығын қамтамасыз етеді», — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.
Сот медициналық көмектің уақтылы көрсетілгенін мәлімдеді.
Тағы оқыңыз: Солтүстікқазақстандық конькимен жүгіруші Әлем кубогында үш мәрте топ жарды

