Петропавлда тасқыннан зардап шеккен тұрғындардың тағы бір легі баспаналы болды. Жаңа қоныс иелерімен Qazaqstan Media тілшісі тілдесіп қайтты.
Бүгідері Петропавлдағы «Бірлік» шағын ауданында құрылыс жұмыстары қызған. Мұнда тасқыннан зардап шеккендерге 700 үй салынуда. Бүгіндері соның 150-ден астамы тапсырылған.
«Бүгін тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға тағыжаңа үйлердің кілттерін табыс етеміз. Бұл жұмысмемлекет басшысының тапсырмасына сай орындалып жатыр. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың атынан сіздерді қуанышты сәтпен құттықтаймыз! Жаңа баспана қуаныш пен береке әкелсін. Қоныстарыңыз құтты болсын!», — деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов.
Қалалық қоғамдық комиссияның мәліметінше, қазіргіуақытта баспанасыз қалған 2000-ға жуық адамныңөтініші қаралған. Олардың ішінде 500 адам «Бірлік» шағын ауданында салынып жатқан үйлерді алуға өтініш берген.
Баспанаға ие болғандардың бірі – Наталья Саулова. Талай жыл ұстаз болған петропавлдықтың баспанасы биыл су астында қалған.
«Үйіміз толығымен су астында қалды. Комиссия тұруға жарамсыз деп таныды. Қиын кзде көмектесіп, қол ұшын созған жандарға алғысымды білдіргім келеді. Бүгін міне, жаңа баспанаға ие болып отырмыз. Өте қуаныштымын», — деді Петропавл тұрғыны Наталья Саулова.
Жаңа үйлер жарық әрі жайлы. Үш бөлмелі баспананың жалпы ауданы 80 шаршы метр. Бау-бақшашаруашылығымен айналысамын десеңіз де жержеткілікті. Сондықтан тұрғындардың біразы осы шағын ауданнан үй алуға бел буған.
«Пәтерде тұра алмаймын. Сондықтан жер үйді таңдадық. Қатты қуанып тұрмын. Құрылысбасталғаннан бастап, осында жүрдік. Жұмыс барысын өз көзімізбен көрдік. Маған бәрі ұнады. Бастысыауласы кең, үй де үлкен», — деді қала тұрғыны Елена Жукова.
Тағы оқыңыз:СҚО-да пара алып ұсталған полковник үй қамаққа алынды