Бірінші қазан — Халықаралық қарттар күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысының Жастар ресурстық орталығының волонтерлері Петропавл қаласындағы «Надежда» қарттар үйіне арнайы барып, «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық шарасын ұйымдастырды, деп жазады Qazaqstan Media.

Іс-шара аясында қонақтар концерттік бағдарлама ұсынып, достық шайын өткізді. Жылы жүзді әңгіме, күлкі мен естеліктерге толы басқосу қарттарға ерекше қуаныш сыйлады. Тұрғындар сүйікті әндерін тыңдап қана қоймай, өздерінің өмірлік тәжірибесімен де бөлісті.

«Жүректен жүрекке»: СҚО волонтерлері қарттар үйіне барды
«Жүректен жүрекке»: СҚО волонтерлері қарттар үйіне барды

СҚО Жастар ресурстық орталығының өкілдері мұндай кездесулердің жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.

«Біздің мақсатымыз — қамқорлықты тек мерекелік күндермен шектемей, тұрақты түрде көрсету. Ашық диалог, бірлескен іс-шаралар, тұрмыстық қолдау — бәрі де маңызды. Қарттарға уақытын бөліп, жүрек жылуын сыйлаған барлық волонтерлерге алғыс айтамыз», — деді орталықтың қызметкерлері.

Қарттар үйінің әкімшілігі де волонтерлердің келуін жылы қабылдады.

«Жүректен жүрекке»: СҚО волонтерлері қарттар үйіне барды
«Жүректен жүрекке»: СҚО волонтерлері қарттар үйіне барды

«Біздің мекеме 2021 жылдан бері жұмыс істейді. Тұрғындарымызға барлық жағдай жасалған. Бүгінгі шара қарттарға да, ұжымға да үлкен қуаныш сыйлады. Волонтерлер дастархан жайып, ән айтып, көңіл көтерді. Біз оларға шын жүректен ризамыз, осындай игі істер жиі жалғаса берсін», — деп атап өтті мекеме әкімшісі Ирина Исаева.

Мұндай бастамалар қарттарға қуаныш сыйлап қана қоймай, қоғамдағы өзара сыйластық пен қамқорлықтың маңызын еске салады. Қарапайым әрі шынайы істер буындар арасындағы сенімді нығайтып, ынтымақты қоғам қалыптастыруға ықпал етеді.

Тағы оқыңыз: Петропавлда 57 жастағы әйел дихлофостан уланып қалды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *