жол жөндеу

Есіл ауданындағы Чириковка елді-мекенінің тұрғындары ауылдағы тас жолдың жөнделуін 40 жыл күткен. Қазір мұнда жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бірақ жөнделіп жатқан жолдың сапасына тұрғындардың көңілі толмай отыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

40 жыл бойы жолға жарымаған Чириковка ауылдық округінің тұрғындары биыл жөндеу жұмыстары басталғанда қатты қуанған. Алайда, олардың қуанышы ұзаққа бармады. Құжат бойынша жол толығымен жаңадан төселуі керек болған. Оған тіпті, 324 млн теңге бөлінді. Бірақ шаруа белгіленген аумақта ғана жүргізілген. Оның өзінде қиыршық тас төселіп, үсті құммен жабылған.

«Камазбен 2 рет өткесін мына жолдан түк қалмайды. Қырауар қаржы желге ұшты деген сөз. Жоба болды, жолға деп ақша бөлінді. Бірақ, неге дұрыс жол төселмейді?»,-дейді ашынған ауыл тұрғыны Виктор Цаплин.

«Айтулары бойынша ауылда үй саны аз. Біз сонда адам емеспіз бе? Бізде де зейнеткерлер, мүгедектер бар. Мысалы, өзімнің 80 жасқа толған анам бар. Әрине жол болмаса тұрғындарткөшіп кетеді. Өйткені, жүру мүмкін емес», — дейді ауыл тұрғыны Ақнұр Сәдуақасова.

Бір жыл бұрын тағайындалған ауылдық округ әкімінің айтуынша, 11 көшені орташа жөндеу қарастырылған. Бұл шамамен 13 шақырымды құрайды. Ал, әлеуметтік нысандарға апаратын 4 көшеге жаңа асфальт төселеді. Бірақ жобаға шеткі көшелер кірмеген. Яғни, олардағы жолдарды ретке келтіру қарастырылмаған.

«Ауыл үлкен. Мен бәріне асфальт керек екенін түсінемін. Алдымен техникалық бақылау келсін. Егер олар жол талаптарға сай емес десе, жол қайта жөндеуден өткізіледі. Баға беруге әлі ерте. Өйткені, жол жөндеу жұмыстары әлі толық аяқталған жоқ», — дейді Чириковка ауылдық округінің әкімі Сәлім Жұлтанов.

Аудан әкімінің айтуынша, ұзақ жылдар бойы жөндеу көрмеген жолды бір мезетте толық қалпына келтіру мүмкін емес. Ал, асфальтты барлық көшелерге төсеу үшін бөлінген қаржы жеткіліксіз.

«Бұл екі жылдық жоба. Мемлекеттің бір жыл ішінде ауылдың барлық көшелерін қамтуға мүмкіндігі жоқ. Өйткені, бізде 53 елді мекен бар. Сондықтан шыдамдылық таныту қажет»,-дейді Есіл ауданының әкімі Медет Оспанов.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма берген. Сондықтан ауылдық округ тұрғындары жауаптылар жолдың көзге көрінер тұсын ғана емес, барлығын қалпына келтіреді деген үмітте.

Тағы оқыңыз: «CLAAS» зауытында 700-ден астам техника құрастырылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x