Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты Өзбекстан азаматының айыппұлын азайтып берді. Ол ел аумағында болуы мерзімін бұзып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын, деп жазады Qazaqstan Media.

Петропавл станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері еліміздің көші-қон заңнамасын бұзған өзбекстандық азаматты анықтады.  

Шетелдік азамат Қазақстан Республикасының аумағында болу мерзімін асырып жіберген. Бұл тексеріс кезінде белгілі болды. Бұл әрекет Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 4-бөлігімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады.

Аталған факт бойынша сот өзбексатандық азматқа  айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалады.  Бірақ, істі қарау барысында сот құқық бұзушының кәмелетке толмаған бес баласының бар екенін ескеріп, жеңілдететін мән-жай ретінде назарға алды. Осыған байланысты айыппұл мөлшері белгіленген соманың 30%-ына дейін азайтылыпты.  Осылайша сот Өзбекстан Республикасының азаматының айыппұдлына жеңілдік жасады.

Тағы оқыңыз: Петропавлда құрылысы жүріп жатқан сегіз қабатты үй сүрілуі мүмкін

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *