«Заң және тәртіп» апталығы аясында прокуратура қызметкерлері таңғы тоғыздан бастап тұрғындарды қабылдауда. Әр азамат көкейінде жүрген сұрақтарына тұшымды жауап алды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Каринэ Кузнецова — Қозыбаев университетінің 3-курс студенті. Мамандығы – «заңгер». Бойжеткен оқуын тәмәмдаған соң ҚР Бас прокуратурасы жанындағы құқық қорғау органдары академиясына түсуді жоспарлап отыр. Яғни, болашақта қадағалау органында жұмыс істегісі келеді. Ол мамандардан оқу орны жайлы ол ақпар алуға келген.

«Мен құқық қорғау органдары академиясында 5 ай оқып, сала өкілі атанатынымды білдім. Білім ордасына қабылдану үшін ең алдымен медициналық және психологиялық тексерістен өту керек екен. Бәрі дұрыс болса аталған оқу орнына барып емтихам тапсырамын. Көкейімде жүрген сұрағыма толық жауап алдым»,- деді М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың студенті Каринэ Кузнецова.
Қадағалау органының өкілдері прокуратура ғимаратында ғана емес, Қазақстан Конституциясы көшесі бойында жүрген тұрғындармен де тілдесті. Адам көп. Бірсыпыра тұрғын сұрақ қойды, қажетті ақпар алды.

«Кеше 100-ге жуық адамға көмек көрсеттік. Тұрғындарды көбінесі жер, тұрғын-үй мәселесі алаңдатады», — деді СҚО прокуратурасы аппаратының аға прокуроры Алмас Асайынов.
Тағы оқыңыз: СҚО-да тамыз айында «Ботай — Ұлы дала мәдениеті» халықаралық суретшілер симпозуымы өтеді