23-шы мамырға дейін су тасқынынан зардап шеккен үйлерді бағалау жұмыстары аяқталуы керек. Бұл туралы бүгін облыс әкімі БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз турында айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Баспасөз туры аясында аймақ басшысы «Солнечный-2» шағын ауданындағы тұрғын үйлердің құрылыс барысымен, гуманитарлық көмекті қабылдау орталығының жұмысымен, сондай-ақ Ойқала мен Былғары зауыты аудандарында орналасқан жедел штабтардың жұмысымен танысты. Қазіргі уақытта өңірдегі 49 үй әлі де су астында тұр. Алдағы бір-екі күнде мамандар баспаналардағы суды сору жұмыстарын аяқтап, толықтай қайта қалпына келтіру жұмыстарына кірісетін болады.

«Су басқан аудандар мен Петропавл қаласының әкіміне риелторлармен жұмысты күшейтуді тапсырдым. Себебі, бірінші, екінші нарықтағы баспаналар бағасын қымбаттатпауы керек. 23-шы мамырға дейін су тасқынынан зардап шеккен үйлерді бағалау жұмыстары аяқталуы керек. Бұл жұмыс қазір басты назарда. Бірінші сорғы станциясының жөндеу жұмысы да бақылауда. Мамандандырылған бригадалар станцияны жөндеу үшін жобаға түзетулер енгізіп жатыр.Жөндеу жұмыстары жылыту маусымы басталғанға дейін аяқталуы керек», – деді облыс әкімі.

Тағы оқыңыз:Жамбыл ауданынан келген мехбригада су тасқынынан зардап шеккен үйлерді қайта қалпына келтіріп жатыр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x