Заң бұзғандарды видеоға түсіріп, полицияғахабарлағандарға сыйақы беріледі

Ішкі істер министрлігі құқық бұзғандарды дер кезінде видео түсірген азаматтарды марапаттауды жоспарлап отыр. ІІМ «Ашық НҚА» порталында «Құқық бұзушылықтар профилактикасы туралы» заң жобасын әзірлеп, жариялады, деп жазады Qazaqstan Media.

Жобада құқық бұзушылықтың алдын алып, жолынкесіп немесе бейнежазбаға түсірген әлеуметтік жауапкершілігі бар азаматтарды ынталандыру да қарастырылған.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы бейнежазбаны уәкілетті органдарға жіберген азаматтар құқық бұзушыдан өндірілген айыппұл сомасынан ақшалай сыйақымен марапатталады немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жеңілдіктер(қоғамдық көлікте тегін жүру, тегін автотұраққа немесе басқа жеңілдіктер) қарастырылады. Сыйақы мөлшерін арнайы комиссия белгілейді. Егер бір бұзушылықты бірнеше адам хабарласа, бірінші ақпарат берген адамға сыйақы тағайындалады», делінген заң жобасында.

Қоғамдық талқылау 10 қазанға дейін жалғасады.

Тағы оқыңыз: Елімізде 11 жастағы қыздарды вакциналау басталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x