З. Картова: Азаматтық қоғам мен саяси биліктің алдында тұрған міндеттер айқындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сұхбатында атқарылған жұмыстарға тоқталып, жоспарларымен бөлісті, деп жазады Qazaqstan Mediа тілшісі.

М. Қозыбаев атындағы СҚУ «Тарих, экономика және құқық» факультетінің деканы және СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшесі Зәуре Картова, қоғам өзінің демократиялық дамуы үшін Президент қойған мақсаттар мен міндеттерге сүйенуі тиіс деп есептейді.

«Республикалық газетке берген сұхбатында Қасым-Жомарт Кемелұлы 2022 жылдың қаңтар айындағы оқиғаларға әділ баға берді. Жалпы, атқарылған істерге тоқталып, еліміздің дамуы жайлы сөз қозғады. Азаматтық қоғам мен саяси биліктің алдында тұрған міндеттер айқындалды.
Республиканың әрбір азаматы, ең алдымен, елде демократиялық қоғамның дамуына ықпал ететін сәттер туралы ойлануы керек. Бұл — азаматтық петициялар, бейбіт митингілер сияқты бастамалар. Яғни, біздің барлық бастамаларымыз прогрессивті арнаға қарай бағытталуы тиіс, сонда ғана біз өзімізді болашаққа ұмтылатын прогрессивті ұлт деп атай аламыз», — деп түсіндірді Зауре Картова.

Тағы оқыңыз: Бексейіт ауылында газ баллоны жарылып, екі адамды күйік шалды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x