Ысқақ Ыбыраев ауылында мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті

Шал ақын ауданы Ы. Ыбыраев аулының мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті. Оған 137,3 млн теңге қаражат жұмсалды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

 

 2021-2023 жылдарға арналған жөндеу жұмыстарын «Альянс Строй НС» ЖШС атқарған. Алғашқы жылы мәдени нысанды ретке келтіру үшін облыстық бюджеттен 50 млн теңге бөлінген. Оған шатыр, кәріз жүйесі, терезелер жаңартылды. Шаруа уақытылы әрі сапалы атқарылды.

Ысқақ Ыбыраев ауылында мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті

Ысқақ Ыбыраев ауылында мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті
Ысқақ Ыбыраев ауылында мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті

«2022 жылы күрделі жөндеу жұмыстары одан әрі жалғасты. Жылыту жүйесі жөнделді, жаңа қазандық сатып алынып, ғимараттан бөлек шығарылды. Бұл жұмыстарға «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында 30 млн теңге бөлінді. Жұмыстар кестеге сай жүргізілді», — дейді «Шал ақын ауданының орталықтандырылған клуб жүйесі» КҚМК директорының міндетін атқарушы Татьяна Володина.

Ал, биыл мәдениет үйінің ішкі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Есіктер ауыстырылып, электр желілері жаңартылды. Қасбеті әрленді. Оған деп жергілікті қазынадан 57,4 млн теңге бөлінген. Біраз жылдан кейін күрделі жөндеуден өткен мәдениет үйі бүгін салтанатты түрде ашылды.

«Бұл ұзақ уақыт бойы жөндеуді қажет еткен ғимарат болатын және біз оның аяқталғанына қуаныштымыз.  Мәдениет үйінде кітапхана, көрермен залы, фитнес залы, ауыр атлетика мен күрес залы, домбыра үйірмесі жұмыс істейтін болады. Ауыл тұрғындары мұнда мерекелік іс-шараларға келеді, ал балалар үйірмелерге қатысатын болады. Әркім өзіне ұнайтын іспен айналысады. Өз атымнан жан-жақты көмек көрсетіп, демеушілік жасаған бірқатар азаматтарға алғысымды білдіремін» — деді салтанатты жиынға қатысқан аудан әкімі Рахат Смағұлов.

Ысқақ Ыбыраев ауылында мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті

Ысқақ Ыбыраев ауылында мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті

Аудан басшысы мәдениет үйіне музыкалық аппаратураны сыйға тартты.

 

Жалпы, соңғы жылдары елді мекенде ауқымды жұмыстар жүргізілді. Ауылға кіреберіс жол мен ауылішілік жолға асфальт төселді. Тұрғындар сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Өткен жылы мешіт салынып, стадион жөнделді. Даңқ аллеясы ашылды.

Тағы оқыңыз: Петропавлдағы үйлердің 82 пайызы жылыту маусымына дайын

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x