Явленкада өткен жәрмеңкеге қатысқан мұғалімдер отбасы сүт өнімдерінің онға жуық түрін саудалады

Тоғыз жыл бұрын Виталий Подоксенов пен Светлана отбасын құрып, өз бизнестерін бастаған. Алдымен олар үш сиырды сауып, сүт, қаймақ, май сатқан. Қазір қораларындағы мал саны артып, олар өнімінің жаңа түрлерін шығара бастаған. Отбасылық кәсіппен Qazaqstan Media тілшісі танысты.

Светлана Покровкадағы ауылшаруашылық колледжінде экономика пәнінен сабақ береді. Ал Виталий мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Бастапқы кезде олар қосымша табыс табу үшін сиыр сауып, сүт, қаймақ, май сатқан.

«Мұғалімдердің жұмысы ауыр ғой. Соған қарамастан бәріне үлгеруге тырысамыз. Әйтпесе, уақыт жетіспейді. Жазда еңбек демалысы кезінде оңай. Көмекшілер, әсіресе, шабындық кезінде қажет. Көктемде мал төлдегенде де қиын. Дегенмен, біз бастаған ісімізді тастамаймыз», — дейді Светлана Подоксенова.

Отбасы өнімді жасап қана қоймай, тауар сыртына жапсыратын қаптамаларды да өздері әзірлеген. Экологиялық таза өнім сұранысқа ие. Оны тек Явленкада ғана емес, облыс орталығында да сатып алуға болады.

Явленкада өткен жәрмеңкеге қатысқан мұғалімдер отбасы сүт өнімдерінің онға жуық түрін саудалады Явленкада өткен жәрмеңкеге қатысқан мұғалімдер отбасы сүт өнімдерінің онға жуық түрін саудалады

Жәрмеңкеде отбасылық өнімді қолжетімді бағамен сатып алуға болады. Сондықтан олар құрған сауда шатырының жанында адам көп жиналған.

«Бұл отбасын бұрыннан білемін, мен олардан әрқашан сүзбе мен қаймақ аламын. Енді міне, ірімшіктер пайда болды. Маған және немерелеріме өте ұнайды. Енді йогурт жасаса жақсы болар еді. Кішкентай балалар соны сұрайды», — дейді жергілікті тұрғын Галина Игнатенко.

Ерлі-зайыптылар өз қаржысына ірімшік жасайтын құрылғылар мен арнайы қалыптар сатып алған. Олар мемлекеттің қолдауына әлі жүгінбеген.

«Қазір бізде өнімнің онға жуық түрі бар. Сүт, қаймақ, сүзбе, және ірімшіктер. Ірімшіктің төрт түрін дайындаймыз. Оларды жасауды жақында ғана қолға алдық», — деп қосты Виталий.

Явленкада өткен жәрмеңкеге қатысқан мұғалімдер отбасы сүт өнімдерінің онға жуық түрін саудалады

Келешекте олар ірімшік зауытын ашуды жоспарлап отыр.

Тағы оқыңыз: СҚО-да тіс дәрігері ағаштан жиһаз бен түрлі себеттер жасайды

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x