Петропавлда құрылған халықтық штаб мүшелері ақпараттық жұмыстарды бастап кетті

Петропавлда алдағы референдумға қатысты ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Бүгін  халықтық штаб мүшелері бір тобы «Денсаулық» №4 қалалық емхана ұжымымен кездесті, деп жазады Qazaqstan Media.

Атом электр станциясының қажеттілігі бұған дейін де көтерілген болатын. Сұрақ жоғары жақта талқыланып, ғалымдар мен сарапшылар зерттеулер жүргізді. Кейін АЭС құрылысы бойынша референдум өткізу қажет деген шешім шығарлды. Осы орайда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті жолдауында жалпы халықтық референдум күнін бекітті. Ол 6 қазанда өткізілмек.

АЭС тұрғызу арқылы болашақта электр энергиясы тапшылығын жоюға болады. Оның қоршаған ортаға да, адам ағзасына да тигізетін зияны жылу электр орталықтарына қарағанда біршама төмен екен.

«Петропавлда АЭС құрылысына қатысты өткізілетін референдум бойынша ақпараттандыруды бастап кеттік. Себебі, халықтың біразы денсаулығына алаңдайды. Айта кету керек, ЖЭО–ға қарағанда АЭС-тан ауаға көмірқышқыл газы шығарылмайды. Оған қоса, апат болу мүмкіндігі өте төмен. Ол үздіксіз жұмыс істей алады. Қазір біздің басты міндетіміз,  халықты 6 қазанда болатын референдум жайында хабардар ету», — дейді халықтық штаб мүшесі Әл-Фараби Мыңбай.

Тағы оқыңыз: СҚО-да сотталғандар омарташы мен жібек құртын өсіруші мамандықтарын меңгеруде

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x