Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Петропавлға жеткізілді

Аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық экстрадицияланды. Ол қазір Петропавл қаласындағы тергеу изоляторында отыр, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Ресей Федерациясынан экстрадицияланған қазақстандық 2019-2020 жылдар аралығында кәсіпкерді алдау және сеніміне қиянат жасау арқылы 53 миллион теңгенің арнайы техникасын, сондай-ақ өзіне тиесілі емес көлікті 35 миллион теңгеге сатып жіберген. Осылайша, ірі көлемдегі қаражатты қалтасына басып,  қашып кеткен. Халықаралық іздеуге жүрген күдікті  осы жылдың шілде айында Санкт-Петербург қаласында ұсталды.

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ол елге экстрадицияланды. Күдікті Петропавл қалалық тергеу изоляторына қамалған. Айыпталған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», — делінген ҚР Бас прокуратурасы ұсынған ақпаратта.

 Тағы оқыңыз: СҚО-да курсанттарға арналған жаңа казарма ашылды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x