Кибералаяқтар «GhostPairing» әдісін қолданып, WhatsApp аккаунттарына жасырын түрде қол жеткізуде. Полиция азаматтарды сақ болуға шақырады, деп жазады Qazaqstan Media.
Алаяқтар WhatsApp немесе Facebook атынан жалған хабарлама жіберіп, ресми сервиске ұқсас фейк-парақшаға өтуді сұрайды. Сол жерде телефон нөмірі мен растау коды енгізілген сәттен бастап, алаяқ аккаунтқа қосымша құрылғы ретінде қосылып, хат алмасуларды оқи алады, файлдарды көреді және жәбірленуші атынан хабарлама жібереді. Телефон бұл кезде қалыпты жұмыс істей береді.
Аккаунттың бұзылғанын тек WhatsApp-тағы «Байланыстырылған құрылғылар» бөлімінен ғана білуге болады, белгісіз құрылғы анықталса, оны дереу жою қажет. Ешқашан растау кодын бөгде сайттарға енгізбеңіз, қосымшадан тыс код сұрау – алаяқтықтың белгісі. Екі факторлы аутентификацияны қосып, аккаунт қауіпсіздігін тұрақты бақылауда ұстаңыз.
Тағы оқыңыз: Президент: Қазақстан экотуризмде теңдесі жоқ ел бола алады

