Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданына қарасты Бидайық және Ақбұлақ ауылдарында өрт сөндіру бекеттері қолданысқа берілді. Маңызды нысандардың іске қосылуы ауылдық елді мекендердегі қауіпсіздік жүйесін күшейтеді. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жедел әрекет ету мүмкіндігін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Бидайық ауылындағы өрт сөндіру бекеті- реновациядан өтіп, жаңғыртылған ғимарат. Оның ашылу салтанатынна Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Дмитрий Растихин қатысты.Уәлиханов ауданы әкімінің орынбасары Жанна Жантілеуова да қатысты. Сонымен қатар Төтенше жағдай департаментінің басшылығы мен жеке құрамы, аудан әкімдігі қызметкерлері және ауыл тұрғындары да болды.

Уәлиханов ауданында жаңа өрт сөндіру бекеттері ашылды
Уәлиханов ауданында жаңа өрт сөндіру бекеттері ашылды

«Ауылдық аумақтардағы азаматтық қорғаныс пен өрт қауіпсіздігін нығайту – мемлекеттің басым бағыттарының бірі. Шалғай ауылдарда осындай нысандардың жаңғыртылуы төтенше жағдайлардың салдарын азайтып қана қоймай, тұрғындардың қауіпсіздікке деген сенімін арттырады»,-деді Дмитрий Растихин құттықтау сөзінде.

Ал, Ақбұлақ ауылында өрт сөндіру бекеті жаңа ғимаратта орналасқан. Екі өрт сөндіру бекетінің де тұтас аудан үшін маңызы зор. Уәлиханов ауданы әкімінің орынбасары Жанна Жантілеуова жаңартылған өрт сөндіру бекеттері ауыл инфрақұрылымын жетілдірудегі маңызды қадам екенін жеткізді.

Уәлиханов ауданында жаңа өрт сөндіру бекеттері ашылды
Уәлиханов ауданында жаңа өрт сөндіру бекеттері ашылды

«Төтенше жағдайлардың алдын алуда материалдық-техникалық базаны нығайтудың рөлі ерекше. Жаңа нысан жергілікті халыққа жедел әрі сапалы қызмет көрсетуге жол ашады»,- деді Уәлиханов ауданы әкімінің орынбасары.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ауылдық елді мекендердегі қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған жүйелі жұмысы аясында және жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы негізінде Бидайық ауылындағы өрт сөндіру бекетінің әлеуеті күшейтілді. Осы орайда қызметтік автокөлік АЦ-3,2-40 кілті табысталды. Бұл қадам өртке қарсы қызметтің жеделдігін арттырып, ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жаңа мүмкіндік береді.
Қолданысқа берілген нысандар енді тек өрт сөндіру қызметінің орны ғана емес, ауылдағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға үлес қосатын маңызды орталықтардың біріне айналмақ.

Уәлиханов ауданында жаңа өрт сөндіру бекеттері ашылды
Уәлиханов ауданында жаңа өрт сөндіру бекеттері ашылды

Айта кетейік, ауылдық елді мекендердегі өрт қауіпсіздігін күшейту бағытындағы мұндай жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасып келеді. Өрт сөндіру бекеттерін жаңғырту, материалдық-техникалық базаны нығайту және арнайы техникамен қамтамасыз ету тұрғындардың қауіпсіздігін арттырады. Төтенше жағдайларға жедел әрекет ету жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 10-сәуірден бастап жалпыоблыстық сенбіліктер өткізіледі

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *