[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/b75faf65-3fb8-49af-a8db-702817e8d6c0-1.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Қазақстан халық партиясынан Петропавл қалалық мәслихатының депутаттығына № 5-ші округ бойынша үміткер Владимир Пекарский шаһардағы бірқатар нысандарды аралап, халықпен кездесіп, өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып жүр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.  

Владимир Пекарский «Саланг» әскери-патриоттық клубы жетекшісінің орынбасары. Ол 2011-ші жылдан бері «Еске алу вахтасына» қатысып, 1941-1945-ші жылдары соғысқа аттанып, елге қайтып оралмаған батыр жауынгерлердің сүйектерін іздеу жұмыстарымен айналысады. Осы 25 жыл ішінде клуб мемлекет тарапынан қолдау таппаған. Соған қарамастан ұйым мүшелері өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарып жүр. 

Қазіргі таңда Владимир Пекарский Қазақстан Халық партиясынан Петропавл қалалық мәслихаты депуттатығына үміткер ретінде шаһар тұрғындарымен кездесіп, сайлауалды бағдарламасын түсіндіруде. Өзінің округін және оның тұрғындарын жақсы білетін Владимир Пекарский, ауданда халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бейнебақылау камералары аз дейді. Бұл жерде қандай да бір қылмыс жасалса тәртіп сақшыларының жұмысында қиындық туындары анық. Салдарынан қарапайым тұрғындар зардап шегеді. Владимир Пекарский бұл мәселені шешу жолдарын билік өкілдеріне талай рет ұсынған. Алайда әзірге еш нәтиже жоқ. Кандидат тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуден бөлек, құқық қорғау жүйесіне бірқатар тың өзгерістер енгізу және жастардың бойында патриоттық сезім тәрбиелеу сынды мәселелерді де көтеріп жүр.

«Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында бірқатар нысандарды аралап, халықпен кездесіп жүрмін. Оларға өзімнің сайлауалды бағдарламамды таныстырып қана қоймай сонымен қатар, өз ұсыныстарыммен және жоспарларыммен де бөлісемін. Жастардың әскери-патриоттық тәрбиесіне басымдық беремін. Өйткені, Жаңа Қазақстан құру жолында бұл үлкен рөл атқарады. Жастар – ел болашағы. Оларды әскери салада еңбек етуге шақыруымыз керек. Бұл бағытта жұмыс істейтін мамандардың жағдайын жасауымыз керек. Сол кезде еліміз бен халқымыздың бірлігі мен татулығы берік болады», — дейді Владимир Пекарский.

Петропавл қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат В.Пекарскийдің тапсырысы бойынша «QazaqstanMedia» ЖШС дайындады, үгіт-насихат іс-шаралары республикалық бюджет қаражатынан төленді.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x