10 шілде күні Қазақстанда ветеринариялық қызметкерлер күні аталып өтті. Осыған орай Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Шара аудандық мәдениет үйінде өтті. Онда жануарлар денсаулығын қадағалап, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген жандар бас қосты. Қатысушыларды аудан әкімі, «Ауыл» партиясы өкілдері құттықтап, бірқатар мамандарға алғыс хаттар табысталды. Ал Теміржан Сәдуовке медальмен марапатталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Мәдениет үйінің сахнасына саланың ардагерлері, жас мамандар мен студенттер көтерілді. Оларды кәсіби мерекемен құттықтап, өз ісіне адалдығы мен жанкештілігі үшін алғыс білдірілді.

Есіл ауданының әкімі Мереке Мұхамедьяров құттықтап сөз сөйледі. Ол ветеринариялық қызметтің қоғам үшін маңыздылығын атап өтті.

Ветеринар – ауыл тіршілігінің тірегі: Есіл ауданында кәсіби мереке аталып өтті
Ветеринар – ауыл тіршілігінің тірегі: Есіл ауданында кәсіби мереке аталып өтті

«Ветеринарлар — онсыз ешбір шаруашылықты, ауылдық округті елестету мүмкін емес. Олар тек жануарларды емдемейді, олар халықтың қауіпсіздігі мен денсаулығының күзетінде тұрады. Бұл – жүрек қалауымен таңдалатын шынайы мамандық. Ветеринарлар кез келген ауа райында, тәуліктің кез келген уақытында, қиын жағдайда жұмыс істейді. Сондықтан олар ерекше құрметке лайық. Кәсібиліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз және өз ісіңізге деген сүйіспеншіліктеріңіз үшін сіздерге алғыс айтамыз. Сіздердің жұмыстарыңыз – ауыл өмірі мен тұрақтылықтың негізі», – деді аудан әкімі Мереке Мұхамедьяров.

Салтанатты рәсім барысында аталмыш  саланың үздік қызметкерлеріне Ветеринария басқармасы басшысының атынан алғыс хаттар табысталды.

Шараға қатысушылардың бірі – Теміржан Сәдуов. Ол бүкіл өмірін ветеринария саласына арнаған жан. Қазіргі таңда ол Покровка ауылындағы ауыл шаруашылығы колледжінде сабақ береді, жаңа буын мамандарын дайындайды.

Теміржан Сәдуовтың өмірі бала кезінен ауыл шаруашылығымен тығыз байланысты. Анасы мал шаруашылығымен айналысқан, ал ол жасынан төрт түліккк қарап, ауыл тұрмысын көріп өсті. Осылайша жануарларға деген қамқорлық сезімі пайда болды. Болашақ мамандығын да сол кезде таңдаған.

Ветеринар – ауыл тіршілігінің тірегі: Есіл ауданында кәсіби мереке аталып өтті
Ветеринар – ауыл тіршілігінің тірегі: Есіл ауданында кәсіби мереке аталып өтті

«Бала кезімдегі бір оқиға маған қатты әсер етті: кішкентай құлынымыз ауырып қалды, бірақ ешкім көмектесе алмады. Ақыры ол өлді. Бұл жағдай есімде мәңгі сақталып қалды. Сол сәттен бастап мен ветеринар боламын, сөйтіп, ауырып тұрғанын айта алмайтын жандарға көмектесемін деп шештім»,– дейді Теміржан Сәдуов.

1989 жылы ол Астанадағы ветеринариялық институтты бітіріп, бірден туған жері – Амангелді совхозына оралды. Онда еңбек жолын ветеринарлық техник ретінде бастады. Бір жылдан кейін көрші ауылға бас ветеринарлық дәрігер ретінде шақырылды.

2004-2010 жылдары ауылдық округ әкімі қызметін атқарды, кейін ветеринария саласына қайта оралды. Алдымен аудандық ветстанцияның директоры болды, ал 2013 жылдан бері Покровка ауылындағы ауыл шаруашылығы колледжінде арнайы пәндерден сабақ береді. Қазір ол студенттерге тек теорияны ғана емес, практикалық дағдыларды да үйретеді.

«Біз студенттермен шақыртуға шыққанда, олар алдымен қарап тұрады. Мен бәрін өзім көрсетемін. Қанды қалай аламыз, екпені қалай қоямыз, малға қалай жақындау керек – бәрін үйретемін. Сосын олар өздері жасап көреді. Ал мал жазылып, орнынан тұрып кеткенде, олардың көзінен отты көремін. Олар маңызды іс жасағанын сезінеді. Сол кезде ғана олар бұл мамандықтың мәнін түсіне бастайды»,– дейді Теміржан Сәдуов.

«Дәрігер адамды емдейді, ветеринар – адамзатты»

Колледжде оқыту фермасы бар: ірі қара мал, шошқалар, қойлар, қояндар және тіпті теңіз шошқалары бар. Студенттер 2-ші курстан бастап шақыртуларға шығып, жануарларды өңдеуге, сәйкестендіруге, талдау алуға, вакцинация жасауға қатысады.

Бүгінде колледж «ветеринария» мамандығы бойынша жастарды оқуға шақырады. Барлық орындар мемлекеттік тапсырыспен бөлінеді, оқу тегін. Колледждің жеке моншасы, спорт секциялары және қолжетімді жатақханасы бар. Оқуда үздіктерге қосымша жеңілдіктер қарастырылған.

Тәжірибелі маманның айтуынша, ветеринар болу – бұл жай ғана кәсіп емес, бұл – өмірлік миссия. Ол жиі қайталайтын сөз: «Дәрігер адамды емдейді, ал ветеринар – адамзатты».

«Ең бастысы — жануарларға, табиғатқа, қоршаған ортаға деген шынайы сүйіспеншілік. Мұның бәрі өзара тығыз байланысты. Егер ішкі ниетпен көмек көрсеткің келсе – демек, сен дұрыс жолдасың»  – дейді ол.

Іс-шараның соңында Ақан сері атындағы облыстық филармония әртістерінің қатысуымен концерт өтті. Ән-күй, жылы атмосфера мен шынайы тілектер қонақтарға бірлік пен еңбектерінің маңыздылығы сезімін сыйлады.

Ветеринар – ауыл тіршілігінің тірегі: Есіл ауданында кәсіби мереке аталып өтті
Ветеринар – ауыл тіршілігінің тірегі: Есіл ауданында кәсіби мереке аталып өтті

Тағы оқыңыз: СҚО-да полицейлер түтін ортасында қалып қойған тұрғындарды құтқарды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *