Уәлиханов ауданында Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 80 жылдығын атап өтуге дайындық жұмыстары басалып кетті. Мұнда айтулы датаға орай бірқатар іс-шаралар өтеді деп жоспарланған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.                                                                  

Кішкенекөл ауылында Уәлиханов ауданы әкімінің орынбасары Талғат Сағитовтың төрағалығымен жиын өтті. Онда Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар және Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 80 жылдығына дайындық жұмыстары пысықталды. Аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гүлнар Аплесанованың айтуынша, мереке күндері аудан аумағында мәдени, ағартушылық, спорттық іс-шаралар көптеп ұйымдастырылатын болады.

«Кішкенекөл ауылының орталық алаңында «Салт-дәстүр – таусылмайтын байлығым» Қазақстан халықтарының аудандық фестивалі өтеді. «Жастар» паркінде аудан мекемелері арасындағы шағын футболдан жарыс, ал аудандық мәдениет үйінде «Мамыр жұлдыздары» аудандық фестивалі ұйымдастырылмақ. Бұдан бөлек, аудандық мұражайға мектеп оқушылары келіп, олар үшін «Ерлікке тағзым» атты кездесу ұйымдастырылады. Сондай-ақ Жастар бастамалар орталығының ұйымдастыруымен «Батырлар жолы» марафоны өтеді. Ал орталық алаңда Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне арналған «Ер – елінің қорғаны» патриоттық іс-шарасы болады», — деп баяндады Гүлнар Аплесанова.

Ал Ұлы жеңіс күніне орай «Жеңіс» паркінде ескерткіштерге гүл шоқтары қойылып, «Жеңіс лентасы» акциясы өткізіледі. Сондай-ақ аудандық мәдениет үйі мен аудан орталығындағы мектептер бірлесіп Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мерекелік бағдарлама ұйымдастырады.

Уәлиханов ауданында Жеңістің 80 жылдығына дайындық басталды

Бұдан бөлек, Көбенсай ауылында шағын футболдан жарыстар өтеді деп жоспарланған.

Сонымен қатар, тыл еңбеккерлері мен соғыс ардагерлеріне теңестірілгендерге құрмет көрсету аясында «әлеуметтік-медициналық тексеру айлығын» ұйымдастыру жоспарланған.

Осыған байланысты аудан әкімінің орынбасары мерекелерді тойлау шарасы барлық елді мекендерде ұйымдастырылуы тиіс деді. Сондай-ақ Жеңістің 80 жылдығына орай аудандағы ескерткіштер, мемориалды тақтайшалардың маңайын жинап, қалпына келтіру тапсырылды.

Тағы оқыңыз: «Serpin Way»: Қозыбаев университетінің оңтүстік өңірлерге жасаған сапары сәтті аяқталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *