СҚО әкімі облыс орталығындағы құрылыс жұмыстарын бақылауға алды. Ол  бірнеше құрылыс нысандарын аралады.Универсальная көшесінде темір жол арқылы өтетін автожол өткелінің құрылысы да басталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыс орталығындағы Универсальная көшесінде темір жол арқылы өтетін автожол өткелінің құрылысы басталды.

Жаңа жол өткелінің арқасында Петропавлдағы көлік ағыны жеңілдей түседі. Облыс орталығында жеке тұрғын үй құрылысының инфрақұрылымы дамып келеді. Жаңа «Солнечный 2» және «Южный» шағын аудандарында жеке тұрғын үй құрылысына арналған инженерлік желілерді тарту жұмыстары жүргізілуде. Жалпы кезекте тұрғандарға жеке баспана салу үшін 3 мың тегін жер телімі беріледі.

Сонымен қатар, өңір  басшысы спорт нысандарының жұмысымен де танысты. «Қарасай» стадионын қайта жөндеудің бірінші кезеңі аяқталуға жақын. Жылыту және автосуару жүйесі бар жаңа футбол алаңы, жарықтандыру,  электронды табло мен дыбыс жабдығы орнатылды. Жобаның екінші кезеңінде трибуналар мен оның астындағы үй-жайларды жаңарту жоспарлануда.

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x