Уақыт белдеуін ауыстыруға қарсы петиция: министрлік мәлімдеме жасады

«Уақытты кері қайтару» петициясын қарау бойынша жұмыс тобының екінші көпшілік тыңдауы өтті. Әртүрлі облыстардан келген сарапшылар петиция авторының бірінші отырыста көтерілген сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Qazaqstan Media  тілшісі Тengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігі ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры Алмагүл Қауышева соңғы жарты жылдағы статистикалық мәліметтерді жария етті.

Ол ауқымды қорытындылар жасау үшін бірыңғай уақыт белдеуі енгізілгеннен бері өте аз уақыт өткенін атап өтті.

«Бірыңғай уақыт белдеуін енгізген күннен бастап көп уақыт өткен жоқ, алысқа баратын қорытынды жасауға әлі ерте. Биылғы маусымдағы мәліметтер бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарына жүгінген адамдар саны 0,1 пайызға азайды. Биылғы алты айда қан ауруларының 13,7 пайызға, психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстардың 11,3 пайызға төмендеуі байқалды. Онкология бұрынғы деңгейде қалды. Аймақтық тұрғыда ШҚО-да қан айналымы жүйесінің ауруларының 15,9 пайызға, онкологияның 1,5 пайызға және психикалық бұзылулардың 12,2 пайызға төмендеуі байқалды. Алматы бойынша, қан айналымы жүйесі ауруларының, онкологияның 2,3 пайызға, психикалық бұзылулардың 15,8 пайызға төмендеуі байқалады», — дейді Денсаулық сақтау министрлігі өкілі.

Тағы оқыңыз: Аса ауыр сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған адамға  369 200 теңге төленеді

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *