Уәлиханов ауданының құрылысшылары Петропавлға ерекше сый жасады. Олар өткен жылы тасқын судан зардап шеккен Ойқала шағын ауданында демалыс алаңын салды. Енді жаңартылған алаң  қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікіт демалыс орнына айналмақ, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Уәлиханов ауданы әкімдігінің мәліметінше, мердігерлер жоспарланған барлық жұмысты орындаған. Жалпы аумағы 1 250 шаршы метр жерге тас  төселіп, заманауи футбол алаңы мен көше шамдары орнатылған.

Уәлиханов ауданының құрылысшылары Ойқаладағы қирандыны демалыс орнына айналдырды
Уәлиханов ауданының құрылысшылары Ойқаладағы қирандыны демалыс орнына айналдырды

«Алаңды абаттандыру үшін 50 тонна құнарлы топырақ, 70 тонна қиыршық тас және 10 текше метр құм жеткізілді», – деді Qazaqstan Media тілшісіне Уәлиханов ауданы әкімінің орынбасары Талғат Сағитов.

Сонымен қатар, саябақтың аумағында шағын архитектуралық формалар, төрт орындық, қоқыс салатын  урналар мен шамдар орнатылды. Барлық нысандар сапалы әрі орнықты тұруы үшін алдымен алаң толқытай тегістеліпті.

Демалыс аймағына әсемдік енгізу үшін  көгалдандыру жұмыстары толық жүргізілді.  Алдымен алаңның топырағы өңделді. Кейін шөбі шабылды. Жаңа шөп жамылғысы да төселді. Абаттандыру барысында бес мыңнан астам петуния гүлдері отырғызылды.

Бұл әсемдік Уәлиханов ауданынан келген 11 құрылысшының еңбегінің нәтижесі. Алаң Петропавл қаласының туған күніне орай қала және облыс әкімдеріне таныстырылды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жылжымалы медициналық кешендермен қамтылған ауыл тұрғындарының саны артты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *