Тоғызыншы мамырда Уәлиханов ауданында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған патриоттық-мәдени іс-шара өтті. Салтанатты жиынға тыл ардагерлері, аудан басшылығы, аудан тұрғындары мен қонақтары қатысты, деп жазады Qazaqstan Media.

Жеңістің 80 жылдығына арналған іс- шара жеңіс жауынгерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қоюдан басталды. Бір минут үнсіздікпен, соғыста қаза тапқан ерлер еске алынды. Іс-шара бейбіт өмірдің бағасын ұғындыратын мазмұнды болды.

Уәлиханов ауданында Жеңістің 80 жылдығы салтанатты түрде аталып өтті
Уәлиханов ауданында Жеңістің 80 жылдығы салтанатты түрде аталып өтті

Алдымен көпшілікті Жеңіс күнімен құттықтаған аудан әкімі Мұрат Тоқмағанбетұлы Абдулов құттықтады. Ол ардагерлерге алғыс білдіріп, олардың ерлігі — болашақ ұрпақ үшін мәңгілік өнеге екенін атап өтті. Сонымен қатар, Жеңіс күнін жақындатуға ат салысқан әр азаматтың ерлігі мен есімі ешқашан ұмытылмайтындығын айтты.

Уәлиханов ауданында Жеңістің 80 жылдығы салтанатты түрде аталып өтті
Уәлиханов ауданында Жеңістің 80 жылдығы салтанатты түрде аталып өтті

Патриоттық бағытта өткен шара барысында сахнада әсерлі көріністер қойылып, көрермен қауымды соғыс жылдарына жетеледі. «Майдан хаттары» көрінісі арқылы соғыс даласынан жолданған хаттар оқылып, сол кездегі халықтың сағынышы мен үміті көркем жеткізілді. Мәншүк Мәметованың анасына жазған хаты, Шыңғыс Айтматовтың «Жер Ана» повесінен үзінді, сондай-ақ майдан әндері мен хормен орындалған композициялар көрермендердің көңілін толқытып, өткенді көз алдыға әкелді. Сұрқия соғыстың қаншалықты ауыр екені сезілді.

Уәлиханов ауданында Жеңістің 80 жылдығы салтанатты түрде аталып өтті
Уәлиханов ауданында Жеңістің 80 жылдығы салтанатты түрде аталып өтті

Сахнада Уәлиханов ауданынан шыққан батырлардың ерлігі мен ауыл еңбеккерлерінің тылдағы еңбегі де кеңінен қамтылды. Кештің көркемдік мазмұнын «Қазына» әжелер ансамблі, «Аманат» би тобы, аудандық мектеп оқушылары мен әншілердің өнері толықтырды.

Уәлиханов ауданында Жеңістің 80 жылдығы салтанатты түрде аталып өтті
Уәлиханов ауданында Жеңістің 80 жылдығы салтанатты түрде аталып өтті

Іс-шара соңында қатысушылар «Жеңіс күні» әнін қосыла шырқап, көрермендерге естен кетпес әсер қалдырды. Бұл – тарихқа тағзым, ерлікке құрмет кеші болды. Бейбіт өмірдің қандай қиын жолмен келгенін жас ұрпақ білуі шарт. Бабалар аманатын орындау -міндет.

Тағы оқыңыз: Петропавлда «Біз — Жеңіс мұрагерлеріміз» гала-концерті өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *