Биылғы «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының Уәлиханов ауданда  аудандық  кезеңі мәресіне жетіп, жеңімпаз отбасы анықталды. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін бұл игі шарада биыл Телжан ауылдық округінің Қожназаровтар отбасы үздік деп танылды, деп жазады Qazaqstan Media.

Аудандағы үздік және үлгілі отбасы деп танылған Қожназаровтардың отағасы  Мұратбек Ахметжанұлы Көбенсай орта мектебінің жүргізушісі. Оларда отбасылық  ара және құс шаруашылығы бар. Ауыл азаматының табиғи, таза өнімдері ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде халыққа ұсынылып келеді.

Қожназаровтар әулетінің балалары да жетістіктерімен көпке үлгі. Ұлы 22-ші аймақтық қытай тілі байқауында «Үздік сөз шебері» атанды. Екінші дәрежелі «Жауынгер спортшы» белгісінің иегері және «Жылдың 100 үздік ғылыми жобасы» республикалық байқауының жеңімпазы атанған. Бұдан бөлек, түрлі деңгейдегі марапаттарға ие.

Уәлиханов ауданында  «Мерейлі отбасы – 2025» байқауының аудандық кезеңінің жеңімпазы анықталды
Уәлиханов ауданында  «Мерейлі отбасы – 2025» байқауының аудандық кезеңінің жеңімпазы анықталды

Уәлиханов аудандық байқаудың қазылар алқасының шешімімен екінші орын – Қулыкөл ауылдық округінен Әбілдиндер отбасына берілді. Ал үшінші орынға  Ақбұлақ ауылдық округінен Әмірбековтер және Бидайық ауылдық округінен Хамзиндер отбасылары лайық  деп танылды.

Салтанатты марапаттау рәсімі аудан әкімдігінде ұйымдастырылып, жеңімпаздарды аудан әкімінің аппарат басшысы Бауыржан Олжабаев марапаттады. Ол отбасыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстап, жанұялық берекенің маңызын атап өтті.

Уәлиханов ауданында  «Мерейлі отбасы – 2025» байқауының аудандық кезеңінің жеңімпазы анықталды
Уәлиханов ауданында  «Мерейлі отбасы – 2025» байқауының аудандық кезеңінің жеңімпазы анықталды

Сондай-ақ, «Ақ Орамал» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Күләш Егімбаева байқауға қатысқан барлық отбасыларды құттықтап, олардың қоғамдағы рөлін ерекше атап өтті.

«Байқауға қатысқан әрбір отбасы – мейірім мен бірліктің символы. Осындай шаңырақтар көбейе берсін», – деді ол.

Енді Қожназаровтар мен Әбілдиндер отбасылары облыстық кезеңде аудан намысын қорғайтын болады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 14 жастағы бала суға кетті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *