Су тасқынының алдын алу жұмыстарына белсенді қатысқан уәлихандықтар марапатталды. Іс-шара Мемлекеттік рәміздер күніне орай ұйымдастырылды, деп жазады Qazaqstan Media.

Салтанатты шараға мекеме және бөлім басшылары, қызметкерлері, аналар және ақсақалдар кеңесінің мүшелері, жастар қатысты. Уәлиханов ауданы әкімінің міндетін атқарушы Дархан Бейсембин қатысушыларды мерекемен құттықтап, су тасқынының алдын алу жұмыстарына белсенді қатысқан жерлестеріне алғысын білдірді.

Уәлиханов ауданында Мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты жиын өтті

«Сіздер – патриотизмнің, бірлік пен жанашырлықтың үлгісі болып табыласыздар. Азаматтық ұстанымдарыңызға берік болып, туған жеріміздің көркеюі мен дамуы үшін адал еңбек етесіздер деп сенемін», – деп атап өтті Дархан Бейсембин.

Мемлекеттік рәміздер күнімен қатысушыларды Аналар кеңесінің төрайымы Күләш Егімбаева, Кішкенекөл қазақ мектеп гимназиясының мұғалімі Шонай Әбікеев құттықтады.

Уәлиханов ауданында Мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты жиын өтті

Салтанатты бөлімнен кейін аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары өнер көрсетті.

Тағы оқыңыз:СҚО әкімі тасқынмен күрескен өңір тұрғындарын марапаттады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x