Уәлиханов ауданында көктемгі дала жұмыстары қызу қарқын алды. Бүгіндері шаруалар алқаптардың 55 пайызына дән еккен, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Биыл уәлихандық диқандар 246, 4 мың гектар алқапқа дән екпек. Бүгіндері шаруа 120, 2 мың гектар жерде тындырылған.
Аудандағы көктемгі дала жұмыстарының өту барысымен СҚО әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов танысты. Ол жұмыс сапарын «ДН – ТехноСервис» ЖШС-нен бастады. Шаруашылық жерлері Кішкенекөл ауылдық округінде орналасқан. Серіктестікте барлығы 1107 га жер болса, соның 991-і егістікке арналған. Биыл оның 777 га жері игеріліп, барлығына дәнді-дақыл себілмек. Танып басына барған Марат Тасмағанбетов мұнда ауданның диқандарымен кездесті.
«Бидайдың өнімділігіне оны егу мерзімі және минералды тыңайтқыштарды себу шаралары, осының барлығы әсер етеді. Сондықтан уақыт өткізіп алмай, шаруаны тезірек аяқтау қажет. Мемлекет тарапынан қолдау бар. Субсидиялар мен жеңілдетілген несиелер және өзге де көмек көрсетіліп жатыр», — деді Марат Тасмағанбетов.
Сондай-ақ облыс әкімінің бірінші орынбасары жұмысшылардың жағдайын жасап, қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертті. Және еңбеккерлерге лайықты жалақы төлеу керектігін айтты.
Бұдан кейін Марат Тасмағанбетов «Жолдасбай агро» ФҚ астық қоймасына да барды. Мұнда жалпы астық сыйымдылығы 17 мың тонна болатын 4 қойма салынды. Қазіргі уақытта сегіз қызметкер жұмыс істейді.
Су тасқыны кезінде Бидайық ауылдық округі Жұмысшы ауылындағы көпір бұзылған еді. Ол аудандық маңызы бар жолға жатады. Облыс әкімінің бірінші орынбасары оның бүгінгі жай-күйімен танысты.
Тағы оқыңыз: СҚО-да жазғы лагерьлер 10 маусымнан бастап балаларды қабылдайды