Уәлиханов ауданы прокуратурасы мен аудандық полиция бөлімі бірлесіп, құқық бұзушылықтардың алдын алу және анықтау мақсатында заманауи технологияларды қолдану жұмыстарын белсенді жүргізіп келеді. Атап айтқанда, «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында ауданда пилотсыз ұшу аппараттары, дрондар қолданылып жатыр, деп жазады  Qazaqstan Media.

Бүгінгі таңда дрондар Уәлиханов аудан орталығында көше қозғалысын әуеден бақылауға мүмкіндік беріп отыр.  Ол  жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын нақты әрі жедел тіркеуге жағдай жасауда. Атап айтқанда, дрон көмегімен келесі әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды: қарсы қозғалыс жолағына шығу; маневр жасау ережелерін бұзу; жаяу жүргіншілерге жол бермеу.

Уәлиханов ауданында дрон арқылы құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары күшейтілді
Уәлиханов ауданында дрон арқылы құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары күшейтілді

«Барлық анықталған заңбұзушылықтар бойынша тиісті әкімшілік хаттамалар толтырылып, жедел шаралар қабылданды. Бұл әдістің тиімділігі жоғары екенін көрсетіп отыр — құқық бұзушылардың жауапкершілігі артты, жол қозғалысына қатысушылар тәртіпке үйренуде»,-дейді  Уәлиханов ауданының прокуроры Еркеш Оспанов.

Уәлиханов ауданының прокуратурасы мен полиция бөлімі осындай заманауи технологияларды қолдану арқылы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмыстарды жалғастыра беретінін мәлімдеді.

Дрондар – қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде тиімді құрал ретінде бүкіл республика бойынша кеңінен енгізіліп келеді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да туберкулезбен сырқаттанушылық 14,7%-ға азайды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *