Уәлиханов ауданының тұрғындары да жалпы облыстық сенбіліктен қалыс қалмады. Тазалық шарасына аталған аймақтың екі мыңнан астам тұрғыны қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Тазалық акциясына Уәлиханов ауданының тұрғындары көптеп жиналды. Бұл — бірліктің нағыз үлгісін көрсетеді. Осы арқылы уәлихандықтардың табиғаттың тазалығына бей-жай қарай алмайтынын көре аламыз.
Уәлиханов ауданының тұрғындары айналаны күл-қоқыстан тазартты. Сондай-ақ, мыңға жуық көшет отырғызылды. Шара барысында бос тұрған бірде-бір адамды көрмейсің.
«Таңмен таласа тұрып, тазалық шарасына белсенді қатысып жатқан тұрғындарға алғысым шексіз. Табиғаттың мұнтаздай болуы әрбір аудан азаматын алаңдатуы тиіс. Қазақта «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп бекерден-бекер айтылмаған ғой. Күш біріктірсек қана зор жетістіктерге жете аламыз», — деді Уәлиханов ауданының әкімі Мұрат Абдулов.
Тазалық шарасына Уәлиханов ауданының еңбектеген баласынан еңкейген қартына дейін қатысты. Акция аясында аталған аймақта мыңға жуық көшет отырғызылды. Шараға барлығы 2 мыңнан астам адам қатысты.
Тағы оқыңыз: Қарағайлы орман болады! «Таза Қазақстан» акциясы Тайынша ауданының тұрғындарын біріктірді