1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, Уәлиханов ауданында мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Аудандық орталық алаңда өткен салтанатты жиынға аудан тұрғындары мен қонақтары  жиналды, деп жазады Qazaqstan Media.

Мерекелік жиынды Қазақстан атты бір шаңырақ астында, бір атаның балаларындай тату тұрып жатқан ұлттар алаңға салтанатты түрде шығып бастады. «Туған жер – бірлік пен елдіктің бесігі» атты іс шараға оннан астам ұлт өкілдері  қатысыт. Оның ішінде  қазақ, орыс, қырғыз, неміс, өзбек ұлтының өкілдері бар.

Уәлиханов ауданында Қазақстан халқының бірлігі күні кең көлемде аталып өтті
Уәлиханов ауданында Қазақстан халқының бірлігі күні кең көлемде аталып өтті

Сонымен қатар ұйғыр, татар, украин, молдован, кәріс ұлттарының өкілдері де сап түзеді. Әр этнос өз ұлттық киімдерін киіп, мәдениетін, салт-дәстүрін паш етті.  Әр ұлттың атынан ауданның түрлі мекеме-ұжымдары қатысты. Бұл тәуелсіз елімізде түрі мен тіліне, дініне қарамастан барлық халық тең дәрежеде күн кешіп жатқанының айғағы.

Салтанатты жиында  Уәлиханов ауданының әкімі Мұрат Абдулов құттықтау сөз сөйледі. Ол аудан тұрғындарын бірлік мерекесімен құттықтап, ынтымақ пен татулықтың ел дамуындағы маңызды рөлін ерекше атап өтті.

Уәлиханов ауданында Қазақстан халқының бірлігі күні кең көлемде аталып өтті
Уәлиханов ауданында Қазақстан халқының бірлігі күні кең көлемде аталып өтті

Шараның басты бөлімі – концерттік бағдарлама көрермендер көңілінен шықты. Онда әр ұлттың әні мен биі орындалып, көпұлтты Қазақстанның бай мәдениеті көрініс тапты. «Қазына» әжелер ансамблінің орындауындағы халық әндері көпшіліктің көңіленен шықты. Ал, «Жұлдыздар», «Аманат», «Тұмар»  би ұжымдарының түрлі ұлт биі – көрермендерді тәнті етті.

Уәлиханов ауданында Қазақстан халқының бірлігі күні кең көлемде аталып өтті
Уәлиханов ауданында Қазақстан халқының бірлігі күні кең көлемде аталып өтті

Шара соңында барлық қатысушылар «Алға Қазақстан!» атты ортақ әнді орындап, мерекелік жиынды қорытындылады.

Қазақстан халқының бірлігі күні – ел бірлігінің, татулығы мен тұрақтылығының айқын көрінісі. Уәлиханов ауданында өткен бұл мерекелік шара – елдегі достық пен өзара сыйластықтың тағы бір жарқын үлгісі болды.

Уәлиханов ауданында Қазақстан халқының бірлігі күні кең көлемде аталып өтті
Уәлиханов ауданында Қазақстан халқының бірлігі күні кең көлемде аталып өтті

Тағы оқыңыз: Петропавлда әскери мемориал тазартылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *