Уәлиханов ауданына қарасты Ақбұлақ ауылында елді мекенді дамыту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мұнда отыз жылдан астам уақыт бойы жөндеу көрмеген ауылішілік жолдарға күрделі жөндеу жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Бұл жұмыстар абаттандыру бағдарламасы аясында атқарылып жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жол салу жұмыстарын былтыр мамыр айында басталған. Оны мердігер компания «Титан-Север» ЖШС эжүргізіп отыр. Сол кезде мамандар жолды тегістеп, астын нығайтып, асфальт төсеуге кіріскен болатын. 2023 жылы бір шақырым жол асфальтталса, биыл бұл көрсеткіш 1,5 шақырымнан асты. Алда әлі бірнеше шақырым жол бар. Сонымен қатар, мердігер шілде айының соңына дейін жалпы ұзындығы сегіз шақырымнан асатын 11 көшені қамтитын жол жөндеу жұмыстарын толық аяқтауды жоспарлап отыр.

Уәлиханов ауданындағы ауылда жаңа жолдар салынып, демалыс орталығы жаңартылуда
Уәлиханов ауданындағы ауылда жаңа жолдар салынып, демалыс орталығы жаңартылуда

«Жұмыстар қарқынды жүріп жатыр, мердігер белгіленген мерзімде аяқтайтынына сенімдіміз. Ауыл тұрғындары сапалы жолдарды асыға күтуде», — деді Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі Батырхан Ахметов.

Ақбұлақтағы жол жөндеу жұмыстарына бюджеттен шамамен 400 миллион теңге бөлінген. Бұл — тұрғындар отыз жылдан астам күткен көптен бергі өзгерістер.

Жолмен қатар ауылда бос уақытты тиімді өткізуге арналған демалыс орталығының ғимараты да қайта жаңғыртылып жатыр. Мұнда ауыл тұрғындары үшін мәдени шаралар мен демалысқа арналған заманауи орта құрылмақ. Бұл жұмысты «Техноком» ЖШС жүргізіп жатыр. Олар ескі құрылымдарды бұзып, демонтаж жұмыстарын бастап кеткен.

«Келісімшарт жасалды.Қазір рұқсат құжаттарын рәсімдеп, техникалық қадағалауды анықтап жатырмыз», — деп қосты Батырхан Ахметов.

Демалыс орталығын жаңартуға 188 миллион теңге қарастырылған. Бұл — Ақбұлақта жайлы әрі заманауи инфрақұрылым қалыптастыруға бағытталған тағы бір маңызды қадам.

Тағы оқыңыз: Петропавлда «Екі жұлдыз» вокалдық байқауы өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *