Уәлиханов ауданында «Көктем аруы — 2025» байқауы өтті. Оған мұғалімдер, тәрбиешілер мен мемлекеттік қызметкерлер қатысты, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Уәлиханов ауданының орталығы Кішкенекөл аулында «Көктем аруы — 2025» байқауы өтті. Оған 18 бен 35 жас аралығындағы аудан мектептерінің мұғалімдері, балабақша тәрбиешілері және мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

Уәлихандық ұстаз «Көктем аруы» атанды Уәлихандық ұстаз «Көктем аруы» атанды

Айта кетейік, дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан байқауға қатысамын деушілердің қатары жыл санап артуда. Бұл жолы да арулар бірнеше тапсырманы орындап, сахнаға қазақтың ұлттық киімдерін киіп шықты. 

«Байқаудың мақсаты — сұлулықты және салауатты өмір салтын насихаттау. Дарынды жастарды анықтап оларға қолдау көрсету, мәдени және шығармашылық қабілеттерін ынталандыру болып табылады», — дейді ұйымдастырушылар.

Байқауға № 2 Кішкенекөл орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиетті пәнінің мұғалімі Назерке Зейнуллина да қатысты. Конкурсқа ұзақ уақыт бойы дайындалмаса да, еңбегі зая кеткен жоқ. Ол ол бас жүлдені жеңіп алды.

«Үш күн ішінде ұлттық көйлек пен сәукеле тігіп үлгердім. Жұбайыммен қайын енем көп көмектесті.  Сахнаға шығарда әрине, қобалжыдым. Бірақ би билеп, ән айтып, дайындаған әсерлі монологымды ойдағыдай оқып шықтым. Ол балалар үйіндегі қыз туралы болды. Онда қыздың анасын қалай сағынатыны туралы жазылған. Мен оны интернеттен таптым. Байқау жоғары деңгейде өтті. Қатысушылардың барлығы талантты, жақсы дайындықпен келген. Мені қолдап келген әріптестері ме алғысым шексіз», -дейді Назерке Зейнуллина.

Ал бірінші орын Ғайникамал Аюпқа бұйырды Екінші орыннан Ерке Абилина көрінсе, үшінші орынға Лаура Өтепбергенова ие болды. Жеңімпаздар дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды. Байқауға қатысқан басқа сұлулар да түрлі номинациялар және сыйлықтармен марапатталды.

Уәлихандық ұстаз «Көктем аруы» атанды

Тағы оқыңыз: Петропавлда «Киелі кимешек» көрмесі ашылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *