Уәлиханов ауданының әкімі мектеп түлектерімен кездесті

Халықаралық балалар күніне орай Уәлиханов ауданының әкімі Мұрат Абдулов мектеп түлектерімен кездесу өткізді. Сонымен қатар жастар аудандық әкімдікті аралады, деп жазады Qazaqstan Media.

Кездесу түлектер үшін қызықты өтті. Жиынға Уәлиханов ауданының 11-сынып оқушылары қатысты. Оларға алдымен аудан туралы, оның даму жоспарлары мен перспективалары жайында бейнеролик көрсетілді. Кейін аудан басшысы оларды Мұрат Абдулов Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, алда келе жатқан өмірлеріндегі маңызды сынақтардың бірі — ҰБТ-ны сәтті тапсырып, белгілі бір оқу орнының студенттері атануға тілек білдірді. 

«Сіздердің алдарыңызда білім мен ұмтылыс арқылы қол жеткізуге болатын көптеген мүмкіндіктер тұр. Әрқайсыларыңыздың оларды бағындыруға білімдеріңіз де, қабілеттеріңіз де бар. Жоғары немесе орта арнаулы оқу орнын бітіргеннен кейін ауданға оралыңыздар. Туған жерге қызмет етіп, оның дамуына өздеріңіздің  жеке үлестеріңізді қосуларыңызға шақырамын», — деп атап өтті Мұрат Абдулов.

Оқушыларымен бірге келген ұстаздар да түлектерге ҰБТ-де сенімділік пен сабырлық тіледі, аудан әкіміне балаларға деген көңілі үшін алғысын білдірді. 

Сонымен қатар түлектер үшін ерекше эксурсия ұйымдастырылды. Олар аудан әкімдігінің ішін аралап, жұмыс кабинеттерін көрді. Сондай-ақ аудан басшылары туралы фотогалереямен танысты.

Тағы оқыңыз: Петропавлда апатты деп танылған үйлер сүріліп жатыр

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x