Уәлиханов аудандық әкімдігі мәжіліс залында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша аудан активінің жиналысы өтті. Жиналысқа аудан әкімі Мұрат Абдулов төрағалық етті, деп жазады Qazaqstan Media.

Акбар әкімі Президенттің биылғы Жолдауы еліміздің жаңа даму кезеңіндегі стратегиялық бағыттарын айқындайтын тарихи құжат екенін атап өтті. Ол құжатта цифрлық даму, экономиканы әртараптандыру, білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, көлік және энергетика салаларындағы реформаларға ерекше мән берілгенін жеткізді.

Жиында аудандық мәслихат төрағасы Сапар Сәниев, аудандық кітапхана жүйесінің директоры, «Ақ Орамал» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Күләш Егімбаева саяси құжат жайында пікірлерін білдірді.

Уәлиханов ауданында Президент Жолдауы талқыланды
Уәлиханов ауданында Президент Жолдауы талқыланды

Бірқатар мемлекеттік орган басшылары өз салаларында Жолауда айтылған бағыттардың жүзеге асырылуына тоқталды. Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Сымбат Шегебаева, Кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Жолдыбай Хасенов, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының м.а. Ботагөз Хасенова, сондай-ақ Уәлиханов ауылшаруашылық колледжі директорының орынбасары Берқайыр Қаркошев баяндама жасап, өз салаларында Жолдауда көрсетілген міндеттерді жүзеге асырудың нақты бағыттарына тоқталды.

Уәлиханов ауданында Президент Жолдауы талқыланды
Уәлиханов ауданында Президент Жолдауы талқыланды

Кездесуде Президент Жолдауында көрсетілген стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін жергілікті атқарушы органдардың, мекеме-кәсіпорындар мен қоғам өкілдерінің белсенді қатысуы аса маңызды екені атап өтілді.

Аудан әкімі Мұрат Абдулов өз сөзінде:
«Мемлекет басшысының бұл Жолдауы – жаңа дәуірдің, жаңа мүмкіндіктер мен сын-қатерлердің бастауы. Сондықтан біз жаңашылдықты қабылдап, заман талабына сай әрекет етуіміз қажет. Әрбір салада нақты жоспар жасалып, халыққа тиімді қызмет көрсетуді басты назарда ұстауымыз тиіс»,– деді.

Жиын соңында қатысушылар ел Президентінің бастамаларын қолдайтындарын білдіріп, аудан көлемінде Жолдау міндеттерін жүзеге асыруға бірлесе атсалысатынын жеткізді.

Тағы оқыңыз: Петропавлда қоғам белсенділері Жолдауды талқылады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *