Мағжан Жұмабаевтың 132 жылдығына орай ақынның туған жері Солтүстік Қазақстан облысында «КәсібиGO: ойна да таңда» жобасы таныстырылды. Бұл – жасөспірімдерге арналған кәсіби бағдар беретін үстел ойыны, деп жазады Qazaqstan Media.

Ойын 5–10 оқушыдан тұратын топта, екі сағаттық сессия түрінде өтеді. Ойынға қатысушылар өздерінің жеке тұлғалық ерекшелігін анықтайды, сұранысқа ие дағдылармен танысады және болашақ мамандығын таңдай алады.

«Бұл ойын Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Алматы облыстарының мектептерінде тегін қолжетімді болады. Болашақта бұл ойынды қолданатын аймақтардың санын көбейткім келеді.  Себебі  жастардың таңдау жасауына ойынның әсері мол»,  дейді жоба авторы – Әлия Қарақожаева.

Әлия Қарақожаева  кәсіби бағдар беру саласы бойынша халықаралық деңгейдегі коуч, PhD кандидаты. Ол 2024 жылы «Тәуелсіздік ұрпақтары» республикалық грантын жеңіп, өз идеясын жүзеге асырды.

«Мамандық таңдау – жасөспірім өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Алайда зерттеулерге сүйенсек, қазақстандықтардың 60%-ы мамандығы бойынша жұмыс істемейді, ал оқушылардың 87%-ы мамандықты ата‑ана мен мұғалім ықпалымен таңдайды. Бұл жағдайда  кәсіби бағдарлаудың жаңа құралдарын жасау қажет. Біз Қазақстандағы әр жасөспірімнің өз жолын тауып, өз таңдауына саналы түрде қадам жасағанын қалаймыз», – деп атап өтті Әлия Қарақожаева.

Тағы оқыңыз: СҚО-да ірі есірткі тобының жолы кесілді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *