Түркиядан келген профессор Қозыбаев университетінде дәріс оқиды
Түркиялық профессор Хулия Касапоглу Ченгел Қозыбаев университетінің студенттеріне дәріс оқиды. Ол — түркі тілдері мен мәдениеті бойынша маман және PhD докторы, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Профессор Ченгел түркі халықтарының тілдерін және Алаш қозғалысының мұрасын зерттеумен айналысады. Оның 100-ден астам ғылыми мақалалары халықаралық басылымдар мен конференциялар жинақтарына енгізілген.
Түркиядан келген профессор Қозыбаев университетінде дәріс оқиды
«2023 жылы біз Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған іс-шараға қатысқан едік. Түркия халқы Мағжанды Алаш қозғалысының көшбасшысы, талантты ақын және қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы ретінде біледі және құрметтейді. Бүгінде Қозыбаев университеті елдегі жетекші ЖОО-ның бірі болып табылады. Біз әдебиеттану және филология салаларында ынтымақтастығымызды одан әрі кеңейтуді көздеп отырмыз»,- деді Хулия Касапоглу Ченгел.