«Тұмар» үлгілі би ансамблі халықаралық байқаудан сәтті өнер көрсетті. Шығармашылық ұжым Өзбекстаннан бір гран-при және үш бірінші орынмен оралды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

«Тұмар» үлгілі би ансамблі – үнемі шығармашылық ізденісте жүретін ұжым. Ансамбль тек облысымызда ғана өнер көрсетіп қоймай, түрлі деңгейдегі фестивальдер мен байқауларды қалт жібермей, қатысуға тырысады. 25 наурыз күні Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында «Mega Dance» атты халықаралық хореографиялық байқауы өтті.

Халықаралық байқауда ел намысын теріскейлік «Тұмар» үлгілі би ансамблі қорғады. Шығармашылық ұжым Өзбекстаннан бір гран-при және үш бірінші орынмен оралды. Бүгін ел мерейін асырған қыздарды тілеуін тілеген жандар сән-салтанатпен күтіп алды.

«Тұмар» би ансамблі халықаралық байқаудан олжалы оралды
«Тұмар» би ансамблі халықаралық байқаудан олжалы оралды

«Ансамбль 2018 жылы құрылды. Құрамында 190 бала бар. Бізде төрт жастан 14 жасқа дейінгі балалар тәлім алады. Алда алар асулар жетерлік», — деді қалалық мәдениет үйі балалармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі Эльмира Әлімбекова.

Тағы оқыңыз: Петропавлда «Decentrathon» хакатоны өтіп жатыр

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *