[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][dsm_perspective_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/su-omir-nari-erketai.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/dsm_perspective_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» hover_enabled=»0″ global_colors_info=»{}» sticky_enabled=»0″]
Аққайың ауданына қарасты Тоқшын ауылының тұрғындары ауыз суға зар болып отыр. Мұндағылар өткен жылы орталықтандырылған су желісіне қосылғанымен апаттардан көз ашпай келеді. Нәтижесінде, халық судан таршылық көруде, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Аққайың ауданына қарасты Тоқшын ауылында су мәселесі өзекті болып отыр. Жерлестеріміз тіршілік нәрін алыстағы мұнарадан шанамен тасуға мәжбүр.
«Мұнарадан су тасып жүргенімізге 2 жыл болды. Жасы келген тұрғындар үшін бұл қиынның қиыны. Құдық қаздыруға барлығының шамасы келмейді. Қайда жүгінерімізді білмейміз. Шыны керек, үмітіміз үзілді», -дейді Тоқшын ауылының тұрғыны Лариса Усольцева.
2019-2022 жылдар аралығында ауылға орталықтандырылған су желісін тарту жұмыстары жүргізілген. Сол кезде тұрғындар енді судан таршылық көрмейміз деп қуанғаны рас. Алайда олардың бұл қуанышы ұзаққа созылмады.
«Баспанамызға су тартылмаған. Оған шамамыз келмейді. Өйткені, жолдасым жалғыз жұмыс істейді. 3 балам бар. 70 мың теңге оған жетпейді. Басқа аудандарға су тартқан адамдармен өзім сөйлестім. Олардың барлығына тіршілік көзін ішке кіргізіп берді», — дейді Ольга Чернова.
Бірнеше күн бұрын ауылда су мүлдем болмай қалыпты. Бұл проблема бойынша ауылдық округ әкіміне хабарласып, мән-жайды сұрастырдық. Белгілі болғандай, «Нұра топтық су құбыры” кәсіпорны «Есіл су» филиалында орын алған апатқа байланысты уақытша суды үнемдей тұруға тура келген. Қазір жағдай реттелген.
«Жобалық-сметалық құжаттама бойынша су құбырлары Тоқшын ауылдық округіндегі әр үйдің шекарасына дейін жеткізілді. Тіршілік көзін үйге тарту аталған жобада қарастырылмаған. Сондықтан тұрғындар баспанаға өздері кіргізуі керек», — дейді Тоқшын ауылдық округінің әкімі Боранбай Имантаев.
Бүгінде Тоқшын ауылындағы үйлердің 50 пайыздан астамы орталықтандырылған су жүйесіне қосылған.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]