Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялады

Қазақстанда 2025 жыл жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Тиісті қаулыға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Еске сала кетейік, президент бұл туралы биылғы халыққа арнаған жолдауында айтқан болатын. Сол кезде мемлекет басышысы адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек деп мәлімдеген еді.

«Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің реформасын жүзеге асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын.

Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын.

Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», — делінген Ақорда сайтында.

Тағы оқыңыз: Енді боқтап сөйлеп, түкіретін қазақстандықтарды көше сыпыруға мәжбүрлейді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *