Бала тісінің сау, әдемі болуы анасының денсаулығына тікелей байланысты. Себебі, тіс денсаулығына алғашқы қадамды болашақ ана жүктілік кезеңінде жасауы тиіс. Құрсақтағы нәрестенің дамуы кезінде тек ішкі ағзалар ғана емес, болашақ тістердің де негізі қаланады. Сондықтан ананың денсаулығы мен тамақтануы – болашақ баланың тіс саулығына тікелей әсер етеді, деп жазады QazaqstanMedia тілшісі.

Облыс стоматологтары жүкті әйелдерге тамақтану рационына көңіл бөлуге кеңес береді. Пайдалы элементтерге бай болуы қажет. Бала туылғаннан кейін де профилактикалық шаралар жалғасын табуы тиіс. Тіс өсіп шықпай тұрып-ақ, баланың ауыз қуысы құрылымының ерекшеліктері тексеріледі, қажет болған жағдайда түзетіледі.

Тіс дәрігері: балалардың тіс саулығы анасындағы құрсақтағы кезеңнен басталады
Тіс дәрігері: балалардың тіс саулығы анасындағы құрсақтағы кезеңнен басталады

«Алғашқы тіс шыққан сәттен бастап күтім қажет. Тіс толық шықпаған кезде бала ауыз қуысында жайсыздық сезінуі мүмкін. Бұл кезеңде жұмсақ силиконды тістегіш заттарды қолдануға болады. Алайда, тіс толық шыққаннан кейін бұл құрал тиімділігін жоғалтады. Себебі, ол тіс бетіне жабысқан қақтарды жеткілікті түрде тазаламайды. Балаларға арналған тіс пастасының құрамына ерекше назар аудару керек. Құрамында ксилит, кальцийдің гидроксиапатиті, аминфторид бар пасталар ұсынылады. Сонымен қатар, бояғыштар мен SLS/NLS секілді көбіктендіргіштерден аулақ болу маңызды», — дейді облыстық стоматологиялық емхана дәрігері Әсел Бисенева.

Көптеген ата-аналар сүт тістерін емдеудің қажеті жоқ деп есептейді, алайда бұл — қате пікір. Кейде сүт тістегі қабыну ауырсынуға және басқа да асқынуларға әкелуі мүмкін. Сондықтан уақытылы емдеу — тұрақты тістердің де саулығын сақтайды екен. Облыстық стоматологиялық емхана күніне орта есеппен 150 бала қабылдайды.

«Бізге 0 жастан бастап 18 жасқа дейінгі балалар келеді. Қызметтердің барлығы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін көрсетіледі. Балалар әртүрлі жиілікпен қабылдауға келеді. Кейбіріне әр үш ай сайын қаралу қажет болса, басқаларға жарты жылда бір рет жеткілікті. Бірақ жылына екі реттен сирек қаралуға болмайды. Өйткені, тісжегі ерте анықталса, емдеу нәтижесі әлдеқайда жақсы болады»,- деп кеңес береді маман.

Тағы оқыңыз: СҚО-да полиция қызметкері суицид жасамақ болған зейнеткерді құтқарды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *