Петропавл қаласы әкімінің жаңа баспасөз хатшысы болып Тимур Жұманов тағайындалды. Оның мемлекеттік органда да, жеке сектор мен медиа салысында да еңбек тәжірибесі бар, деп жазады Qazaqstan Media.
Тимур Жұманов Аққайың ауданы, Смирново ауылының тумасы. 33 жаста.
М.Қозыбаев атындағы СҚМУ «Агрономия» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Еңбек жолын 2009 жылы бастады.
2009-2012 жылдарын аралығында «СҚО ауыл жастары Одағы» КҚ жобалар бойынша менеджері болды. Кейін Аққайың тұқым зертханасында тұқым сарапшысының көмекшісі, Аққайың ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы болып жұмыс істеді. Сондай-ақ аудандық және облыстық деңгейдегі жастар бастамалары орталығын басқарды.
2017 жылдан бастап Тимур Жұманов жеке секторда да тәжірибе жинады. Ол «Есіл Өңірлік даму орталығы» ЖШС директорының орынбасары болды. Инвестициялық жобаның менеджері, сату бойынша өңірлік менеджер болып жұмыс істеді.
2020 жылдан бастап 7152.kz ақпараттық сайтты басқарды. Ал 2022 жылдан бастап Qazaqstan Media желілік басылымының директоры болды.
Тағы оқыңыз: Нұрлан Кеңесов СҚО әкімінің орынбасары болып тағайындалды