Тимирязево ауылында гүлдер фестивалі өтті

Көздің жауын алатын әсемдік. Түрлі-түсті гүлдерден жасалған композициялар, гүлдердің  жұпар иісі.  Тимирязев ауданы Тимирязево ауылында дәстүрлі гүлдер фестивалі өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жыл сайын тамыз айының соңында Тимирязев аудандық мәдениет үйі бір сәтке ботаникалық баққа айналды. Себебі, мұнда ауыл азаматтары қиялдарына ерік беріп, гүлдерден бірегей композициялар жасайды. Қатысушылардың әрқайсысы фестивальде ерекшеленуге, өзінің таланты мен шығармашылық қырын ашуға тырысты. 

«Бізде жеңімпаздарды анықтайтын бірнеше аталым бар. Олардың бірі – «Үлгілі аула» номинациясы. Биыл Тимирязев ауылының тұрғындары аулаларын ерекше қылып безенедірді. Барлығы бірінен-бірі өтеді. Сол себепті де таңдау оңайға түспеді», — дейді Тимирязево ауылы  «Жерлестер» клубының төрағасы Людмила Квасова.

Бұл номинацияда зейнеткер Полина Береговаяның ауласы үздік деп танылды. Ол үйінің маңына түрлі-түсті гүлдерді егіп, тіпті субұрқаққа дейін орнатып қойған. Ауыл тұрғыны ауласындағы әр декорацияны таңдауға үлкен жауапкершілікпен қарапты.

 

Гүлдер фестивалінде 30-ға жуық бала өз суреттерін ұсынды. Оларға ұйымдастырушылар жұмсақ ойыншықтар мен кеңсе тауарларын сыйлады. Ал ересек қатысушылар арасында 15 жеңімпаз бен жүлдегер таңдалды.

«Абаттандыру, гүлдердің көптігі, эстетика және сұлулық үшін «Ең әдемі аула» номинациясында Людмила Руденко бірінші орынға ие болды. Жыл сайын шараға қатысушылар саны артуда. Қазір тұрғындар гүлдердің көптеген сорттарын өсіруге тырысады», — дейді Людмила Квасова.

Сондай-ақ, жүлдегерлер «Үздік гүл шоғы» және «Үздік үй жанындағы гүлзар» аталымдары бойынша да таңдалды.

Тағы оқыңыз: Петропавлдық зейнеткер алаяқтар алған iPhone үшін ай сайын 47 мың теңге несие төлеп отыр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x