Тимирязев ауданының мехбригадасы үйлердегі жөндеу жұмыстарын аяқтауға жақын

Тимирязев ауданынан келген мехбригада Заречный кентіндегі 11 үйді қайта қалпына келтіріп жатыр. Қазір тоғыз баспанада жөндеу жұмыстары аяқталып, иелеріне тапсырылған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.   

Апаттан кейін баспанасы жөнделіп, үйіне оралғандардың бірі — Светлана Белая. Жөндеу жұмыстары жоспарланған уақыттан бірнеше күнге ерте аяқталған. Құрылысқа жалпы 6 млн теңге жұмсалды.  

Тимирязев ауданының мехбригадасы үйлердегі жөндеу жұмыстарын аяқтауға жақын

«Атқарылған жұмысқа ризамын. Қабырғалары кепкеннен кейін, түсқағаздарды жапсырамыз. Қалғанының  барлығы ойдағыдай. Линолеумді алып, жаңасын төседік. Терезені де алып тастауға тура келді», — дейді Заречный кентінің тұрғыны Светлана Белая.

Заречный кентінде жұмыс істеп жатқан Тимирязев ауданының механикалық бригадасына барлығы 49 үй бекітілген. Баспаналардың 18-і апатты деп танылса, 20 тұрғын үйдің иесі өздері жөндеуге шешім қабылдаған. Жалпы, арнайы бригада 11 үйді қайта қалпына келтіруде. Бүгінгі таңда 9-ы тұрғындарға тапсырылды. Қалған 2 баспанадағы жөндеу жұмыстары шамамен 10 тамызда аяқталмақ.

Тимирязев ауданының мехбригадасы үйлердегі жөндеу жұмыстарын аяқтауға жақын

«Бұл нысандарға арнайы құрылған комиссия мүшелері кеш келді. Өйткені, бұл үйлердің тұрғындары бірнеше техникалық бақылау жүргізді. Қазіргі уақытта бізде 5 бригада жұмыс істеп жатыр. Барлығы 21 адам жұмылдырылған», — деді Тимирязев ауданы әкімінің орынбасары Қанат Иманжанов.

Қазіргі уақытта апатты деп танылған 18 үйдің 17-сі сүріліп тасталған.

Тағы оқыңыз:Петропавл – Шарм-эль-Шейх тікелей әуе рейсі қайта жанданбақ

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *