Тимирязев ауданына 60 жыл толуына орай спорттық жарыс ұйымдастырылды

Тимирязев ауданының 60 жылдығына орай спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды. Оған 150-ден астам спортшы қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ауданның мерейтойына орай ұйымдастырылған ауқымды шарада спортшылар да аянып қалмады. Олар бірқатар спорт түрлері бойынша сынға түсіп, той көркін қыздыра түсті.

«Жарыстарға ауданымыздың барлық 16 округінен спортшылар келген. Жалпы, 150-ден астам адам қатысуда. Арнайы дайындалған бірнеше алаңда ерлер мен әйелдер командалары арасында жағажай волейболы, 35+ санатына арналған шағын футбол жарыстары өтті. Сондай-ақ қой көтеру, арқан тарту, жілік жару, гір көтеру және қазақша күрес сынды ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды», — деді Тимирязев ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Армида Манукян.

Тимирязев ауданына 60 жыл толуына орай спорттық жарыс ұйымдастырылды

Тимирязев ауданына 60 жыл толуына орай спорттық жарыс ұйымдастырылды
Тимирязев ауданына 60 жыл толуына орай спорттық жарыс ұйымдастырылды

Айта кету керек, қазақша күрес бойынша ұйымдастырылған жарысқа тек аудан спортшылары ғана емес сонымен қатар өңіріміз бен көршілес Ақмола облысы және Астана қаласынан да палуандар келген.

Тимирязев ауданына 60 жыл толуына орай спорттық жарыс ұйымдастырылды
Тимирязев ауданына 60 жыл толуына орай спорттық жарыс ұйымдастырылды

Жеңімпаздарды марапаттауға жергілікті кәсіпкерлер қаржы бөліп, демеушілік жасаған. Жалпы, жарыстың жүлде қоры – 1,5 млн теңге.

Тағы оқыңыз: Тимирязев ауылының орталық алаңы жаңартылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x