2026 жылы Тимирязев аудан аумағында екі халықаралық жоба іске қосылады. Қытайлық Beijing guocheng Shehghual Investment Co. LTD Тимирязево ауылында 8 гектар жерде майлы дақылдарды қайта өңдеу зауытының құрылысын бастайды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Орталық өңірлік коммуникациялар қызметінде есеп берген аудан әкімі Ердан Жаров, алдымен атқарылған істерге есеп берді. Мәселен, биыл елді-мекендерде жолдарды жөндеуге біраз қаржы бөлінген. Сәйкесінше, жолдардың сапасы жақсарған.

«2025 жылы ауданда жолдарды орташа жөндеу бойынша үш жоба аяқталды. Москворецкое ауылына кіреберісте, Тимирязево-Целинное мен Октябрьское-Ишимское ауылдары аралығында оң өзгеріс орын алды. Жалпы 28 шақырымға 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды. Биыл Дмитриевка елді мекенінде көшелерді жөндеу жұмысы басталды. Келер жылы аталған ауылға және Степное мен Жаркынға  кірберіс жол жөнделеді. Ақсуатта көшелерге асфальт төселеді», — деді Тимирязев ауданының әкімі Ерлан Жаров.

Жазда жолды жөндеу — бір мәселе, ал қыста тазалау — тағы бір мәселе. Облыс орталығынан шалғайда орналасқан ауданда көліктер қар құрсауында қалмауы тиіс. Ол үшін тазалайтын техника сай тұруы міндетті. Сұрақ-жауап сессиясында тілшілер әзірлік жайын сұрады.

«Тимирязев ауданының аумағы арқылы республикалық, облыстық маңызға ие жолдар өтеді. Мердігер анықталды, жол тазаланады. Ең күрделі жолдар — Ленинское, Ишимское ауылдарына апаратын жолдар. Бүгінде тендер ойнатылды, жолды тазалайтын мердігерлер анықталған», — деді спикер.

Тимирязев ауданында жұмыссыздықты жою үшін ауқымды жұмыс атқарылып жатыр екен. Сырттан инвестор тартуға басымдық берілген. Нәтиже бар. Болашақта Ерлан Жаров басқаратын ауданда қытайлық және түркиялық қалталы азаматтар іс бастап, халықты еңбекпен қамтымақ. Әйтпесе адамдар көшуде. Биылдың өзінде 230 адам қоныс аударған.Қытайлық компания майлы дақылдарды қайта өңдеу зауытын салуға ниетті. Ал, түрік инвесторы  майлы дақылдарды өңдеп, сақтайтын жобаны жүзеге асырмақ.

Тағы оқыңыз: Ел көлемінде қысқы мереке қарсаңында ТЖМ және ІІМ күшейтілген жұмыс режиміне көшеді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *