Облыстың құрметті азаматы, тыл ардагері Тілек Әбдірахманов жаңа Ата заң жобасын қолдайды. Ол қабылданатын Конституцияда ұлттық құндылықтарға баса мән берілгеніне дән риза, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жаңа Ата заң жобасының 37-ші бабында барлық адам тарихи және мәдени мұраны сақтауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті екені жазылған. Осыған қарап, алдағы уақытта мемлекет аталған салаға ерекше қолдау көрсетеді деп айта аламыз. «Жаңашылдық ұлттық бірегейлікті нығайтуға, бай мәдени мұрамызды сақтауға және әлемге танытуға жол ашады», — дейді облыстың құрметті азаматы Тілек Әбідрахманов.
Тыл ардагері жерлестерін 15-ші наурыз күні өтетін науқанға біркісідей қатысуға шақырды.

«Жаңа Конституцияның преамбуласы көңілімнен шықты. Әр сала жан-жақты қамтылған. Ең бастысы ұлттық құндылықтарға ерекше мән берілген. Бұл жас ұрпақтың дамуына зор үлесін қосады», — деді Тілек Әбдірахманов.

Тағы оқыңыз: СҚО-ның ірі сауда орталықтарында Наурыз мерекелік акциясы басталады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *