Солтүстік Қазақстан облысында өткен тәулікте 13 оқыс оқиға тіркелген. Осындай жағдайлардың бірі Шал ақын ауданында болған. Мұнда 29 жастағы әйел темекі шегемін деп күйіп қалған, деп жазады Qazaqstan Media.

 

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары өткен тәулікте 13 шақыртуға барған. Оның үшеуі тұрмыстық өрт. Ол Петропавл қаласы мен Тайынша ауданында болыпты. Оған қоса Тайыншада жеңіл көлік отқа оранған. Дәл осындай жағдай Айыртау ауданында да тіркелді.

«Ғ. Мүсрепов және М. Жұмабаев аудандарында екі комбайында өрт шықты. Сонымен қатар қазанның 7-8-і аралығында төрт жедел сөндірілген өрт оқиғасы, бір авариялық-құтқару жұмыстары фактісі мен бір жазатайым оқиға тіркелді», — деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Соңғы оқиға Шал ақын ауданы Крещенко ауылында тіркелген. 1995 жылғы келіншек темекі шегемін деп, күйік алыпты. Құтқарушылар оны аудандық ауруханаға жеткізді.

Тағы оқыңыз: Бір мектепті улауға жетерлік: Петропавлда 28 жастағы жігіт қала орталығында есірткімен ұсталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x