Телефондарын тексеріп беремін деп, несие рәсімдеген: Петропавлда интернет-алаяқ

Өңірде интернет‑алаяқтықтың жаңа түрі тіркелді. 18 жастағы азамат қала тұрғындарының телефондарын ломбардқа өткізіп, микрокредит алған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Тамыз айының басында қалалық полиция басқармасына алаяқтар сан соқтырып кеткен екі  адам жүгінген. Жәбірленушілерге ломбардтан төлемді кешіктіргені  туралы sms-хабарлама келген, бірақ олар ломбардқа ешбір зат өткізбеген.

Қала тұрғындарының айтуынша, шамамен бір ай бұрын оларға саябақта бейтаныс жас жігіт келіп телефондарын дерекқор арқылы тексеруді ұсынған, оның көмегімен гаджеттің түпнұсқалығын анықтауға болады-мыс. Сөйтіп,  алаяқ жәбірленушілердің телефондары мен жеке куәліктерін суретке түсіріп, IMEI кодты жазып алған.

Кейін қала тұрғындары өз смартфонының онлайн-режимде қарыз беретін ломбардқа кепілге қойылғанын анықтаған. Осылайша, алаяқ бір факті бойынша ғана 35 мың теңге шығын келтірген. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктіні анықтады.

«Қылмыскер 18 жастағы Петропавл қаласының тұрғыны болып шықты. Ол М. Жұмабаев көшесінің бойында ұсталды. Аталған оқиғалар бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде», — деді Петропавл қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі  Әйгерім Әшкен.  

Тағы оқыңыз: Петропавлдағы Kozybaev университетінің корпусы апатты деп танылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *