28-ші қыркүйек күні Тайынша ауданындағы Виноградовка ауылы маңында жол-көлік оқиғасы тіркелді. Volkswagen Passat жеңіл көлігі мен КамАЗ жүк көлігі соқтығысып, бір отбасы зардап шекті. 50 жастағы әйел көз жұмса, екі баласы өмір үшін күресуде, деп жазады Qazaqstan Media.
Полиция департаментінің мәліметі бойынша, көз жұмған 50 жастағы әйел Volkswagen Passat машинасының жолаушысы болған. Көлікті 1 жастағы ұлы басқарған. Машинада сонымен қатар, 29 жастағы қызы да болыпты. Отбасы мінген жеңіл көлік КамАЗ көлігімен соқтығысады. Әйел оқиға орнында қаза тапты. Ал, жігіт пен қыз ауыр халде Тайынша ауданаралық көпбейінді ауруханада жатыр.
«Екі пациенттің де жағдайлары ауыр. Бірнеше сүйек сынықтары бар. Мәселен, әйел адамда жақ сүйектері, бірнеше қабырғасы, саусақтары, жамбас сүйегі сынған. Оған қоса бас миы шайқалған. Ер адамның да қабырғалары сынған. Бас ми шайқалуы тіркелді. Иығы, шынтағы сынған»,- деп жауап берді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.
Қазіргі кезде полиция сотқа дейінгі терегу амалдарын жүргізіп жатыр.
Тағы оқыңыз: СҚО-да 720 шетелдік азаматқа заңсыз жеке сәйкестендіру нөмірлері (ИИН) берілген