Жеңіс саябағында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Экологиялық серпантин» атты квест-ойыны өтті. Іс-шараға Петропавлдағы спортқа дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары қатысты, деп жазады Qazaqstan Media.
Ойын барысында қатысушылар экологиялық тақырыптағы түрлі тапсырмаларды орындап, өздерінің ептілігін көрсетті. Үш топқа бөлінген ойыншылар алты тапсырманы орындады.
«Іс-шараның мақсаты – жастар мен тұрғындарды табиғатты қорғауға, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Сондай-ақ жас ұрпаққа қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды үйрету. Мұндай шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Жалпы, спорттық-экологиялық квест-ойынға 60-тан астам оқушы мен студент қатысты», — деді Петропавл жастар ресурстық орталығының жетекшісі Дамир Абдин.
Квест-ойын қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен қатысушыларға мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар табысталады.
Тағы көріңіз: СҚО-да 60-тан астам жүргізуші жолаушыларды заңсыз тасымалдап, айыппұл арқалады