Тасқыннан зардап шеккен аймақтардағы құрылыс барысын онлайн бақылауға болады

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы құрылыс барысын онлайн бақылау жүйесі іске қосылды. Бүгінде жаңа баспана салынып жатқан алты облыста Sergek бейнебақылау камералары орнатылған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Құрылыстың ашықтығы мен тиімділігін арттыру аясында өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Sergek Group компаниясымен және алты облыстың әкімдіктерімен тұрғын үй құрылысын онлайн бақылаудың бірегей жүйесін іске қосты.
Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан мен Атырау облыстарындағы құрылыс нысандарында 50 бейнекамера орнатылып, оның 30-ы іске қосылды. Бұл шара құрылыс жұмыстарының барысын тәулік бойы бақылап, азаматтарға gov.kz порталы арқылы онлайн-хабарламаларға тікелей қол жеткізуге де мүмкіндік береді.

«Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі су тасқынынан зардап шеккен елді мекендердегі тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстарын бақылау мен үйлестіру үшін ахуалдық орталық құрды. Бүгінгі таңда ахуалдық орталық шығынды өтеу бойынша барлық талаппен жұмыс істеп, әр ауылда, аудан орталығында, қалада құрылыс барысын қатаң қадағалауда. Министрлік қызметкерлері өңірлерге барып, құрылыс нысандарын аралап, мәселені орнында шешуде және жұмыстардың жай-күйін тексеруде. Онлайн бейнебақылау құрылыс пен жөндеу жұмыстарының барысын жылдам бақылауға және берілген мерзімнен кешігіп қалсаңыз, жылдам әрекет етуге мүмкіндік береді. Біз үшін ашық жұмыс форматы маңызды. Біз өз азаматтарымызды тұрғын үйді қалпына келтіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар еткіміз келеді», – деді өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова.

Бұл бастама құрылыс жұмыстарын жүргізудегі ашықтықты арттыруды қамтамасыз етіп қана қоймай, ықтимал проблемаларға жедел әрекет етуді де жеңілдетеді. Бұл табиғи апаттардың салдарын тез арада жою мен зардап шеккен азаматтарды сапалы баспанамен қамтамасыз ету үшін аса маңызды.

Тағы оқыңыз:«40°С-қа дейін ысиды»: Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x