Тасқын судан зардап шеккендер коммуналдық төлемдерді кейін төлей алады

ҚР үкіметі су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы тұтынушылардың коммуналдық төлемдерін төлеуді кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ҚР ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Еліміздің бірқатар аймағында су тасқыны жағдайына байланысты жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі жалғасуда. Осыған орай, ҚР үкіметі тұтынушылардың коммуналдық төлемдерін төлеуді кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады. ​Ол наурыз және сәуір айларындағы коммуналдық төлемдерді қамтиды. Төлемді тұтынушылар өсімпұлсыз кейінірек жүзеге асыра алады. Олардың тізімін (абоненттік нөмірлерді) жергілікті атқарушы органдар жасайды. Бұл тізімдер коммуналдық кәсіпорындарға жіберіледі, олар өз кезегінде коммуналдық төлемдерді кейінге қалдыру бойынша тиісті шараларды қабылдайды.

Сұрақтар туындаған жағдайда тұтынушылар ҚР ҰЭМ ТМРК-нің тиісті аумақтық департаментіне төмендегі нөмірлер бойынша хабарласулары қажет:

– ҚР ҰЭМ ТМРК Ақмола облысы бойынша департаменті: 8 (7162) 50-43-27;

– ҚР ҰЭМ ТМРК Ақтөбе облысы бойынша департаменті: 8 (7132) 55-73-60;

– ҚР ҰЭМ ТМРК Атырау облысы бойынша департаменті: 8 (7122)21-10-42;

– ҚР ҰЭМ ТМРК Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті: 8 (7112) 25-13-25;

– ҚР ҰЭМ ТМРК Қарағанды облысы бойынша департаменті: 8 (7212) 41-52-96;

– ҚР ҰЭМ ТМРК Қостанай облысы бойынша департаменті: 8 (7142) 53-52-40;

– ҚР ҰЭМ ТМРК Павлодар облысы бойынша департаменті: 8 (7182) 32-12-04;

– ҚР ҰЭМ ТМРК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті: 8 (7152) 53-42-56;

– ҚР ҰЭМ ТМРК Ұлытау облысы бойынша департаменті: 8 (7102)76-03-91.

Тағы оқыңыз: Петропавлда аудандардан келген бригадалар су кеткен жерлерді қоқыстан тазартып жатыр

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x